Айтыс ақыны Сағынтай Бисенғалиев 1957 жылы 23 сәуірде Тайпақ ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Ақжайық ауданындағы Базартөбе орта мектебін бітірген. 1990 жылы аудандық ақындар айтысында 2-ші орынды иеленген. 1991 жылы Алматыдағы «Наурыз» айтысына қатысқан. Сағынтай Бисенғалиев бала кезінен бастап өзең жазумен айналысты. Мектептегі қабырға газеттеріне, достық әзіл, жолдастары арасында қағытпа өлеңдер жазумен шұғылданды. Ақын өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде жарияланып жүр. Бүкілодақтық халық шығармашылығының І-ІІ фестивалінің лауреаты атанды.

Сағынтай Бисенғалиев аудандық, облыстық, республикалық айтыстарға қатысып жүлдегер атанып жүрді. Айтыстарда өзінің қарсыластарына ұтымды да өткір жауап беріп көш ілгері басым түсіп отырды.

Сағынтай Бисенғалиев тек ақын ғана емес, ол домбырамен ән айтатын қоңыр әдемі дауысы да бар.

Сағынтай Бисенғалиев Қазақстан ақын-жыршылар одағының мүшесі. Ақынның көптеген өлеңдері «Орал өңірі» газеттері мен «Жалын» баспаларынан жиі-жиі жарық көруде.

Әдебиеттер:

Бисенғалиев С. Жайық қызы: Ақұштап Бақтыгереева арналған жыр-шашу // Орал өңірі. -  21 тамыз.

Бисенғалиев С. Желтоқсан жебесі: өлең // Информбиржа. - 2005. - 27 қазан. - Б.15.

Бисенғалиев С. Еркін елміз шырқап салар жыр - әнді // Жайық үні. - 2007. - 4 қаңтар. - Б.5

Бисенғалиев С. Шабыт шақыру: өлеңдер // Жайық үні. -  2007. - 22 наурыз.

Бисенғалиев С.     Ерен жырдың "ер-тұрманы" қайда?:  ақын Сағат Әбдуғалиев  // Орал өңірі. - 2008. - 30 қазан. - Б.6.

Бисенғалиев С. Ынтымағым - ырысым: өлең // Орал өңірі. - 2009. - 30 сәуір.

Бисенғалиев С. Жадырап жеткен жаз. - Орал, 2010. - 160 б.

Бисенғалиев С. Алыпты танып қой!: ақын Ж. Молдағалиевке арналған өлең // Жайық таңы. - 2010. - 30 қыркүйек. - Б. 2.

Бисенғалиев С. Артында айқын ізің қалса, жақсырақ!: өлеңдер // Айна. - 2010. - 28 қаңтар. - Б.18.

Бисенғалиев С. Жұбан атын ән қыла бер, Сайқұдық: өлең // Информбиржа. - 2010. - 30 қыркүйек. - Б.31.

Бисенғалиев С. Жыр-ғұмыр: өлең // Жайық таңы. - 2010. - 28 қазан. - Б.8.

Бисенғалиев С. Қайдасың, уа, Дариға, көрінбедің?: өлең // Айна. - 2010. - 8 сәуір. - Б.15.

Бисенғалиев С. Самиттен соң: өлең // Жайық таңы. - 2010. - 9 желтоқсан. - Б.2.

Бисенғалиев С. Сол қалпында: әнші Серік Абдрахмановқа арнаған өлең // Айна. - 2010. - 28 қаңтар. - Б. 15.

Бисенғалиев С. Аруаққа арзу: Боташ рухына арналған өлең // Орал өңірі.- 2011.- 13 қазан.- Б.10 .

Бисенғалиев С. Ғасырлар үнін жеткізген жыршы: алты Алашқа әйгілі жыршы Көшерғали Макаров туралы // Орал өңірі. - 2011. - 14 шілде. - Б.10.

Бисенғалиев С. Ойсыратқан өлім жайлы он орам: Қадыр аға қазасын естігенде // Орал өңірі. - 2011. - 25 қаңтар. - Б.7 .

Бисенғалиев С. Шәкисіз шерден шекпен жамылды жыр: ақын Шәки Қайырғалиев туралы //  Орал өңірі. - 2013. - 28 ақпан. - Б.16.

Бисенғалиев С. Армысың, Алпыс!: өлең // Орал өңірі. - 2017. - 20 сәуір. - Б. 9.

*****

Бисенғалиев Сағынтай: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. - Алматы, 2010. - Б.192.

Бисенғалиев Сағынтай: өмірдерек // Айтыстың аясында ару Жайық: облыстық ақындар айтысына 40 жыл. - Орал,1998. – Б.30.