Жазушы Еркебаев Сайымжан Нұрсейітұлы 1935 жылы 30 тамызда бұрынғы Тайпақ ауданы, Құрайлысай ауылында дүниеге келген. 1960 жылы Алматы шет тілдер институтының неміс тілі факультетін бітірген соң Атырау облысы Доссор кентіндегі мектеп-интернатта, кейін Батыс Қазақстан облысы Тайпақ (қазіргі Ақжайық) ауданындағы Талап мектебінде мұғалім болған. 1967-71 жылдары республикалық Қазақ радиосында, 1971-74 жылдары мұнайшылар өмірінен шығарма жазу мақсатымен Өзен геология-барлау жұмыстары экспедициясында, 1977-80 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде, 1997 жылы «Парасат» журналында қызмет
Сайымжан Еркебаевтың тұңғыш көркем туындысы – «Мұрат» атты әңгімесі 1955 жылы «Қазақстан пионері» газетінде жарық көрген. Оның 1967 жылы «Алғашқы адым», 1976 жылы «Жолдар мен шақырымдар», 1979 жылы «Жарылған бүр», 1993 жылы «Ауыл кештері», «Жел өтінде» атты кітаптары жарық көрген. Оның «Қарабала» деген бүркеншек атпен жарияланған әр алуан әзіл-оспақтары «Менің Қожанасырым келді де...» деген жеке жинаққа енді. Сондай-ақ ол М.Е. Салтыков-Щедриннің ертегілерін, неміс қаламгерлерінің туындыларын қазақ тіліне аударған.
Еркебаев С. Алғашқы адым: повесть. - Алматы: «Жазушы», 1967.
Еркебаев С. Жолдар мен шақырымндар: роман. - Алматы: «Жалын», 1976.
Еркебаев С. Ауыл кештері: повесть және әңгімелер. - Алматы: «Жалын», 1981.
Еркебаев С. Менің қожанәсірім келді де...: әзіл, оспақ. - Алматы: «Жазушы», 1993.
Еркебаев С. Кертолғаулар мен терісқақпайлар. - Алматы: Өлке, 2005. - 160 б. - (Отырар кітапханасы)
Еркебаев С. Шығармалар жинағы. Үш томдық. - Алматы: Өлке, 2005.
Еркебаев С. Табылған тақырып: әңгіме // Үркер. - 2018 . - №9. - Б. 28 - 34.
Еркебаев Сайымжан: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. - Алматы,- Б. 246 - 247.
Еркебаев Сайымжан: өмірдерек // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст.: С.Қамшегер, Қ.Жұмашева. - Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. - Б. 141.
Елеубайқызы Ү. Жазушыны еске алды: жазушы Сайымжан Еркебаев туралы // Орал өңірі. - 2015. - 27 тамыз. - Б. 16.