Жазушы-журналист Бауыржан Ғұбайдуллин 1965 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Шағатай ауылдық кеңесіне қарасты Қызылжар ауылында дүниеге келген.

Бауыржан Ғұбайдуллин Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газетінің бас редакторы болып қызмет атқарады. Әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1993 жылы бітірген. «Зерде», «Ақ желкен»», «Қазақ әдебиеті», «Алтын Орда», «Айқын» сынды республикалық газет-журналдарда қызмет істеген.

Бауыржан Ғұбайдуллин «Күн бала», «Жиһанкез Ақкербез» атты кітаптары шыққан. Сондай-ақ кейбір шығармалары «Ақ желкен», «Балбөбекке бәсіре» ұжымдық жинақтарына енген.

Әдебиеттер:

<Ғұбайдуллин Б. "Жиһанкез" Ақкербез. - Алматы: Экономика, 2009. - 64 б.

Ғұбайдуллин Б. Күн-бала: өлеңдер, жұмбақтар. - Алматы: «Өлке» баспасы, 2001. - 36 б.

Ғұбайдуллин Б. Жаныма жақын жағалау: публицистикалық мақалалар. - Орал: Полиграфсервис, 2014. - 428 б.

Ғұбайдуллин Б. Ұлы далаға қазақтың саны сай болуы шарт: сұхбаттасқан Анар Лепесова // Түркістан. - 2017. - 13 сәуір. - Б. 9.

*****

Ғұбайдуллин Бауыржан: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. - Алматы, 2010. - Б.221.

Ғұбайдуллин Бауыржан: өмірдерек // Қос газеттің тарихы: меретойлық жинақ. – Орал, Жайық Пресс, 2013 . - Б.105.