Ақын, журналист Қыдыров Хамидолла 1927 жылы Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында дүниеге келген. Орал педагогикалық училещесін бітіріп, көп жыл мұғалім болған. 1954 жылы журналистік қызметке ауысып, «Екпінді құрылыс» (қазіргі «Орал өңірі») газетінде істеген. «Лениншіл жас» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша тілшісі, Маңғыстау облысы «Коммунистік жол» газетінде бөлім меңгерушісі. Оның ақын Х. Әбіловпен айтысы «Айтыс» кітабының 3-і томына (Алматы, 1966) енген. Ақынның 1978 жылы «Алаулы атырап», 1974 жылы «Е. Орақбаев», «Таңдамалы өлеңдер жинағы» атты кітаптары басылып шықты.

Әдебиеттер:

Қыдыров Х. Алаулы атырап: өлеңдер. - Алматы, 1978. - 92 б.

Қыдыров Х. Есен Орақбаев: очерк: Ұлы Отан соғысының батырлары. - Алматы: Жазушы,1974. - 24 б.

*****

Қыдыров Хамидолла: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. - Алматы, 2010. - Б. 373.

Жанбозова А. Сан қырлы өнер иесі болатын: ақын, журналист Хамидолла Қыдыров туралы // Орал өңірі. - 2016. - 15 қазан. - Б. 4.