Журналист, ақын Қазыбек Құттымұратұлы 1970 жылы 5 қыркүйекте Ақжайық ауданы, Тайпақ кеңшары, Жаманқұдық ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ бітірген. 1993-94 жылдары Қазыбек Құттымұратұлы республикалық «Жас қазақ» газетінде, 1995 жылы Қазақ телеграф агенттігінде қызмет істеді. 1995 жылдан 1999 жылдың наурызына дейін облыстық «Орал өңірі» газетінде жұміс істеді. Қазіргі республикалық «Жас Алаш» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі. Өлеңдері 1995 жылы «Толқыннан толқын туады» атты студент ақындардың жинағына, 2000 жылы «Жас ақындар жырларының антологиясына енген. «Сағыныш» атты жеке жинағы 2001 жылы «Өлке» баспасынан жарық көрді.
2004 жылы VII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде ІІ жүлдені иемденді.
Орал қаласынан шыққан «Айна» газетінде редакциялық кеңес төрағасы қызметін атқарды.
Құттымұратұлы Қ. Сағыныш: өлеңдер. - Алматы, 2001. - 52 б.
Ұран газеті (1917-1918) / жоба авторы Ж. Н. Сафуллин; тех. ред. А. Ғ. Дауылбаев; араб әліпбиінен ауд. Қ. Құттымұратұлы. - Орал: Жайық Пресс, 2014. - 400 б.
Хабар-Известия" 1918., "Қазақ дұрыстығы-Киргизская правда" 1919 / араб әліпбиінен ауд.: Е. Мергенбаев, М. Жахатов; жанақты құраст. Қ. Құттымұратұлы; жоба авторы, ұйымдастырушы Ж. Набиоллаұлы. - Орал : Жайық Пресс, 2015. - 680 б.
"Дұрыстық жолы" газеті. 1919: ғылыми-танымдық жинақ / жоба авторы Ж. Сафуллин; құраст., алғы сөзін жазған Қ. Құттымұратұлы. - Орал: Жайық-Пресс, 2016. - 298 б.
Ғұмар Қараш шығармалары / ұйымдастырушы, шығарушы Ж. Набиоллаұлы; құраст.:
Қ. Құттымұратұлы, А. Қаршығалиқызы; тех. ред. Д. Зайноллаұлы; бет құраушы Н. Қуандықұлы. - Орал: І том : Поэзиялық шығармалары. - 2018. - 419 б.
Ғұмар Қараш шығармалары / ұйымдастырушы, шығарушы Ж. Набиоллаұлы; құраст.:
Қ. Құттымұратұлы, А. Қаршығалиқызы; тех. ред. Д. Зайноллаұлы; бет құраушы Н. Қуандықұлы. - Орал: ІІ том: Ойтолғамдары, мақалалары. - 2018. - 374 б.
Ғұмар Қараш шығармалары / ұйымдастырушы, шығарушы Ж. Набиоллаұлы; құраст.:
Қ. Құттымұратұлы, А. Қаршығалиқызы; тех. ред. Д. Зайноллаұлы. - Орал: ІІІ том: Ғұмар Қараш туралы еңбектер. - 2018. - 478 б.
Қабжанов Қазыбек: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. - Алматы, 2010. - Б. 332.
Құттымұратұлы Қазбек: өмірдерек, өлеңдер // Жас ақындар жырларының антологиясы. -Алматы, 2000. - Б.191 - 196.
Құттымұратұлы Қазбек: өмірдерек, өлеңдер // Жас жүректер жырлайды. - Орал, 2010. - Б.3-35.