Жазушы, журналист Ойшыбаев Бақтығұл 1940 жылы 5 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Базартөбе ауылында дүниеге келген. 1959 жылы Калмыков орта мектебін, 1966 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітіріп, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, одан кейін Тайпақ, Жымпиты аудандық газеттерінде қызмет еткен. Оның алғашқы үш әңгімесі республика жас жазушыларының «Шұғыла» атты жинағына (1966) енген. «Алыстан көрінген от» (1970), «Қимас күндер» (1980) әңгіме, хикаяттар кітаптарының авторы. Сондай-ақ көптеген очерктері жарық көрген.

Әдебиеттер:

Ойшыбаев Бақтығұл: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. - Алматы, 2010. – Б. 417.

Ойшыбаев Бақтығұл: өмірдерек // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст.: С.Қамшегер, Қ.Жұмашева. - Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. - Б. 304.

Қажиахметов М. Тайпақта туған тарлан туралы // Дана KAZ. - 2015. - №5. - Б. 43 - 45.

Пұсырман С. Ұлылардың сарқыты: журналист-жазушы Бақтығұл Ойшыбаев // Информбиржа . - 2015. - 25 июня. - Б. 39.

Ғұсманов Қ. Жұмысқа адал берілген: журналист Бақтығұл Ойшыбаев // Орал өңірі. - 2015. - 19 қараша. - Б. 16.

Досанов С. Үндемей жүріп, үлкен іс тындырған Бақтығұл Ойшыбаев жайлы бір үзік сыр // Орал өңірі. - 2017. - 12 тамыз. - Б. 8.

Жолдығали Г. Қаламы жүйрік қаламгер // Орал өңірі. - 2017. - 12 тамыз. - Б. 9.

Сүлейменова А. Шын жазушының аты өшпейді: Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақтығұл Ойшыбаевты еске алу кеші өтті // Ел және мұғалім. - 2017. - 11 тамыз. - Б. 1.