Жұбан Молдағалиев Ақжайық (бұрынғы Тайпақ) ауданының Жыланды деген жерінде, 1920 жылдың 5 қазанында дүниеге келген.
Ел қатарлы ауыл мектебінен білім алған Жұбан 1940 жылы Оралдағы ауыл шаруашылық техникумын бітіргеннен кейін Совет Армиясы қатарына алынады.
Ж. Молдағалиев – қазақ поэзиясындағы, әдебиетіміздегі ірі құбылыс. Ол - Оралдың ғана ақыны емес, қазақтың Жұбаны. Оны Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктерімен де ерен істері, поэзиямен де дәлелдеді. Жұбан 1948-1952 жылдары «Лениншіл жас» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, 1958-1963 жылдары «Жұлдыз» журналының бас редакторы қызметтерінде болған.
1953-1954 және 1963-1971 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, көркемөнер және архитектура саласындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитетінің, «Новый мир» журналы редколлегиясының және «Библиотека поэта» басылымы редколлегиясының мүшесі болған.
«Жеңіс жырлары» деген атпен тұңғыш өлеңдер жинағы шыққан. Содан бергі жылдары ішінде «Нұрлы жол», «Жыр туралы жыр», «Ғашық көзбен», «Заман тынысы», «Айттым сәлем», «Байқоңыр баспалдақтары»», «Ақ жалын», т.б. барлығы 60-тан астам кітабы, әр кезеңде қазақ, орыс тілдерінде таңдамалы шығармаларының бір томдығы, қос томдығы, үш томдығы жарық көрді.
1970 жылы «Кісен ашқан» поэмасы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына, 1978 жылы «Қыран дала» және «Сел» поэмалары үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. КСРО Қорғаныс Министрлігі сыйлығының лауреаты және А. Фадеев атындағы Алтын медальдің иегері. Көптеген шығармалары ағылшын, неміс, француз, поляк, испан, венгер, араб, монғол, словак және басқа шетел тілдеріне аударылған. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды.
Жұбан Молдағалиев лирик қана емес талантты эпик ақын. Қазақ поэзиясының бұл саласын дамытуда үлкен үлес қосып келеді. Ол өмір фактілерін нақты жырлап, одан қоғамдық үлкен түйін жасауға көбірек барады.
Жұбан Молдағалиев - республикамыздағы әдеби бірлестіктерді ұйымдастырушылардың бірі.
Жұбан Молдағалиев Қазақ КСР-і және КСРО Жоғарғы Кеңестерінің депутаты болып бірнеше мәрте сайланған халық қалаулысы. Ол «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.
1985 жылы Қазақ КСР-інің «Халық жазушысы» атағына ие болған сөз зергері, қазақ көркем сөзінің жыр дариясы.
Еліміз үшін ауыр болған 1986-87 жылдарда сол оқиғаға байланысты Колбиннің алдында сөйлеген сөзі бүгін де нағыз азаматтықтың эталонындай аңызға айналды. Қазақ халқына «ұлтшылдар», «шовинистер» деген ауыр кінәлар тағылып, Мәскеудің қылышынан қан тамып тұрған кезде олай сөйлеу - «Мен қазақпын» дейтін қайсар қазақ Жұбанның ғана қолынан келсе керек.
Қазақтың көрнекті ақыны Жұбан Молдағалиев 1988 жылғы 6 қазанда дүниеден кетті. Бірақ оның қалдырған мұрасы, тындырған еңбегі саптан шығып қалмайтын, келешекте де оқырманын табатын құнды дүниелер. Ол жылдар озған сайын бүкіл бітім-болмысымен, мәнімен де, нәрімен де жарқырай түсетін асыл қазына.
Молдағалиев Ж. Жеңіс жырлары: өлеңдер. - Алматы: КБМБ., 1949. - 39 б.
Молдағалиев Ж. Қызыл галстук: өлеңдер. - Алматы: Казмемоқуқұралбас, 1949. - 72 б.
Молдағалиев Ж. Нұрлы жол: өлеңдер мен поэмалар. - Алматы: ҚКӘБ., 1951. - 79 б.
Молдағалиев Ж. Бақыт елі: өлеңдер жинағы.-Алматы, 1952. - 200 б.
Молдағалиев Ж. Бастаушымыз партия.-Алматы: ҚКӘБ., 1954. - 76 б.
Молдағалиев Ж. Жыр туралы жыр: өлеңдер мен поэмалар. - Алматы: ҚКӘБ., 1958. - 84 б.
Молдағалиев Ж. Поэмалар. - Алматы: ҚКӘБ., 1960. - 130 б.
Молдағалиев Ж. Жесір тағдыры: поэма. - Алматы: ҚКӘБ., 1961. - 124 б.
Молдағалиев Ж. Замана тынысы: поэмалар мен өлеңдер. - Алматы: ҚКӘБ., 1963. - 88 б.
Молдағалиев Ж. Ғашық көзбен: өлеңдер мен поэмалар. - Алматы: Жазушы, 1964.- 100 б.
Молдағалиев Ж. Жиырма бес: дастандар мен өлеңдер. - Алматы: Жазушы, 1965. - 405 б.
Молдағалиев Ж. Айттым сәлем: өлеңдер мен поэмалар. - Алматы: Жазушы, 1967. -124 б.
Молдағалиев Ж. Жиырма бес: дастандар мен өлеңдер. - Алматы: Жазушы, 1967. - 124 б.
Молдағалиев Ж. Кісен ашқан: өлеңдер мен дастан. - Алматы: Жазушы, 1969. - 96 б.
Молдағалиев Ж. Таңдамалы: Өлеңдер.1т.-Алматы: Жазушы, 1970. - 384 б.
Молдағалиев Ж. Таңдамалы шығармалар: Поэмалар.2т.-Алматы: ҚКӘБ., 1970. - 344 б.
Молдағалиев Ж. Қызыл қайың: өлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1973. - 176 б.
Молдағалиев Ж. Қыран дала: дастан және өлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1974. - 88 б.
Молдағалиев Ж. Сел: Поэма, өлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1975. - 128 б.
Молдағалиев Ж. Байқоңыр баспалдақтары: дастан және өлеңдер. - Алматы: Жазушы,- 140 б.
Молдағалиев Ж. Мен қазақпын!: поэма. - Алматы: Жалын, 1978. - 160 б.
Молдағалиев Ж. Шалқыма: өлеңдер. - Алматы: Жазушы, 1978. - 152 б.
Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы: өлеңдер. -Алматы: Жазушы, 1979. - 1т. - 688 б.
Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы: поэмалар. Алматы: Жазушы, 1980. - 2т. - 432 б.
Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы: Публицистика. Очерктер. Әдебиет туралы толғаныстар. Алматы: Жазушы, 1981. - 3т. - 440 б.
Молдағалиев Ж. Жыр күнделіктері: таңдамалы өлеңдері. - Алматы: Жалын, 1981. - 256 б.
Молдағалиев Ж. Жомарт дала: дастаннан үзінді.-Алматы: Жалын, 1982. - 36 б.
Молдағалиев Ж. Ақ жалын: өлеңдер мен поэма. - Алматы: Жазушы, 1985. -136 б.
aМолдағалиев Ж. Шығармалар жинағы.1т. - Орал, 2000. - 295 б.
Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы. 2т. - Орал, 2000. - 239 б.
Молдағалиев Ж. Кісен ашқан: поэмалар. - Алматы: RS : Халықаралық Абай клубы, 2014. - 348 б. - (Халықаралық Абай клубы) (Ақ Жайық кітапханасы) ("Amanat" журналының кітапханасы)
Молдағалиев Ж. Шығармалары. IV том: поэма, өлеңдер және публицистика. - Алматы: Алатау. - 2014. - 383 б.
Молдағалиев Ж. Шығармалары. V том: әдебиет туралы толғаныстар және естеліктер. - Алматы: Алатау, 2014. -383 б.
Молдағалиев Ж. Таңдамалы шығармалар: өлеңдер. - Алматы: Алатау, 2015. - 480 б.
Молдағалиев Ж. Таңдамалы. Өлеңдер, поэмалар.- Алматы: Қазақпарат, 2018. - 1116 б.
Молдағалиев Жұбан: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. - Алматы, 2002. - Б. 396.
Молдағалиев Жұбан: өмірдерек // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст.: С.Қамшегер, Қ.Жұмашева.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. - Б.272.