Батыс Қазақстан облысы, Приурал ауданы, Астафьев ауылында 1959 жылы дүниеге келген.
1967 жылы Астафьев мектебінде 1сыныпқа барды, ал ол 10- сыныпты Дарьинск мектебінде бітірді. Мектептен кейін 1 жыл жұмысшы болып РСУ-да істеді. 1978-1980 жылдары Кемерово, Новосибирск қалалары қарулы күштерінде қызмет атқарды. 1985 жылы КазГУ-дің журналистика факультетін бітіріп,, кәсіби –журналист мамандығын алды. Университетті бітіргеннен кейін 1985-1997 жылдары «Сельский труженик» газетінің тілшісі болып, соңынан редактордың орынбасары қызметін атқарды.
1997 жылдан бүгінгі күнге дейін Тлеген Абулхаирович Дарьинск орта мектебінде тарих пәнінен сабақ беріп және мектептегі тәрбиелік-оқу ісінің директор орынбасары қызметін атқарады. Соңғы жылдары Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясын бітіріп, тарих пәнінің оқытушысы мамандығын алды.
Оның мақалалары мен очерктері «Сельская жизнь» (Москва), «Советская Сибирь» (Новосибирск), «Огни Алатау», «Приуралье» және «Орал өнірі» газеттерінде жарияланған.
Тілеген Абулхаирұлы Қазақстан журналистер одағының мүшесі. 1997 жылы Абдрахманов – жоғары дәрежелі мұғалім. Онын қаламына «Солдат из Приуралья» кітабы жатады. Онда Приурал өнірінің Батырлары туралы очерктер мен повестер кірген. Бұл жинақ ҰОС 50-жылдығы қарсанына шығып -1995 жылы Дарьинск ауылының типографиясында бастырып шығарылды.
2005 жылы «Навеки Дон с Жаиком породнив...» (Шолохов в Приуралье) кітабы шықты. Кітап «Дастан» баспасында шығарылды. «Целина Приуралья: Время. Люди.» кітабын аяқтады.
Баспасөзге мына қолжазбалары дайын болды:
- Приурал және Зеленов аудандарының тарихы;
- Приурал халқы туралы очерктер жинағы;
- «Мектеп әрқашан бізбен бірге» (Дарьинск жалпы білім беретін мектептін тарихы)
Абдрахманов Т. Солдат из Приуралья: повесть- хроника, очерки. - Дарьинское: Приуральная типография, 1995. - 128 с.
Абдрахманов Т. Навеки Дон с Жаиком породнив ...: М. Шолохов в Приуралье. - Уральск, 2005. - 130 с.
Абдрахманов Т. Школа, которая всегда с нами. - Уральск, 2008. - 196 .
Абдрахманов Т. Опаленный афганом: участие нашего земляка Ербулата Бегежанова в Афганской войне // Приуралье. - 2018 . - 1 ноября. - С. 12.