Кораблев Сергей Львович 1926 жылы Орал облысы Зеленов ауданы, Ветелки ауылында дүниеге келген. Көп уақыт Асерчев ауылында тұрған. Соғыс және еңбек ардагері Сергей Львович Кораблев үшін соғыс 1945 жылы 11 мамырда Прага қаласында аяқталды. Соғыс кезінде Ұлы Отан соғысының І дәрежелі орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен, бейбітшілік заманында «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды.

Ол - ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген Қазақстан Республикасының қызметкері. Ұлы Отан соғысының ардагері Сергей Львович Кораблев – жан-жақты білімді адам, әрі өлең жазады. Оның шығармашылығы туған өлкеге деген сүйіспеншілік, оның тарихына деген аялы көзқарастан тұрады. Шығармалары әр түрлі тақырыптарға арналған: «Красавица береза», «Чудо клад», әскери тақырыпқа «Без вести пропавшие», махаббат лирикасына «Любовь-чудо природы», «Короткая любовь», «Любовь-эликсир жизни». Сергей Кораблев «Қораз», «Тұяқ», «Ешкі», «Торғай» сияқты мысалдары арқылы күнделікті өмірдегі көкейкесті мәселелерді өткір сынайды.

Әдебиеттер:

Кораблев С. Любовь – это чудо природы: стихи. - Алматы: Өлке, 2001. - 76 с.

*****

Зайкина Н. «Есть люди, которые дарят как солнце»: Кораблев Сергей Львович // Ауыл тынысы. - 2007. - 5 мая. - С.3.

Запрометов Д. Живет мой прадед на Земле: С.Л. Кораблев - участник ВОВ // Ауыл тынысы. - 2006. - 25 ноября.

Королевский Б. С рифмой по жизни: Кораблев Сергей Львович // Казахст. правда. - 2004. -8 мая.