Мартынов Илья Гаврилович 1935 жылы Орынбор облысы Первомай ауданы Соболев ауылында дүниеге келді. Оның үлкен өмірі оқиғаға толы. Жасөспірім кезінде ол әскери-ұшқыштар училищесін аяқтады. Оның бір топта оқыған курстасы болашақ ғарышкер Герман Титов. Илья жеңіл атлетикамен шынайы айналысқан болатын және полкта спорттың осы саласы бойынша әрдайым екінші орынды ұстайтын.
20 жасында лейтенант, ұшқыш-техник Илья Мартынов денсаулығына байланысты демобилизацияланған болатын. Азаматтық өмірде бәрін жаңадан бастады. Омск қаласындағы авиациялық заводта темір ұстасы оқуын аяқтап инженер дәрежесіне дейін өсті. Отбасы жағдайы бойынша мамандығын өзгертті. Ұстаз болды, сырттай педагогикалық институтты аяқтады. Содан соң жоғары партиялық мектеп, аудандық партия, педагогикалық салада және мектеп директоры қызметтерін істеді. Герман Титовтың ғарышқа ұшуы Илья Гавриловичті шабыттандырды. Өзінің көзінің соқырлығына қарамастан өлең жаза бастады. Көруден 1-ші топ мүгедегі Илья Гаврилович өзінің өмірлік тәжіребесіне және білімділігіне сүйеніп көп және жемісті өлеңдер жазды.
1962-63 жылдары аудандық газетте оның «Маме», «Товарищу, другу», «Весеннее утро» т.б өлеңдері жарық көрді. Оның өлеңдерінің тақырыптары әр түрлі: Отан туралы, әйел туралы, махаббат туралы, экология мәселелері туралы, халықтардың достығы туралы. Оның өлеңдері өзі сияқты пәк және мейірбан.
Мартынов И. Мой Казахстан: стихи. – Уральск, 2011. - 277 с.
Мартынов И. Пробудись, человек! //Ауыл тынысы. - 2007. - 11августа.
Бердыкулова Т. Поэт-самородок: Мартынов Илья Гаврилович // Ауыл тынысы. - 2006. – 3 июня.
Ирмакк Р. Вот так встреча! Мартынов Илья Гаврилович //Ауыл тынысы. - 2007. - 21июля.
p>Иржанов М. Вышел сборник стихов И. Г. Мартынова «Мой Казахстан» //Ауыл тынысы. -2007. - 14июля.
Самойлова Г. Поэт земли чувашинской // Приуралье. - 2011. - 20 октября.
Пусурман С. Вдохновлен любовью к родному краю: самобытный поэт Илья Мартынов // Приуралье. - 2018. - 20 января. - С. 11.