Ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Сатыбалды Дауымов 1935 жылы 15 қаңтарда Орда ауданында дүниеге келген. 1953 жылы Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Азғыр орта мектебін, 1959 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін бітірді. 1959-70 жылдары «Қазақстан ауыл шаруашылығы» журналының әдеби қызметкері, аударма бөлімінің меңгерушісі, 1970-95 жылдары «Еңбек таңы» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған. Алғашқы өлеңдер топтамасы «Жайық жырлары» деген тақырыппен 1955 жылы Батыс Қазақстан облыстық «Екпінді құрылыс» газетінде жарияланған. «Жалын ғұмыр» атты өлең жинағы мен «Тауқыметті тағдыр» атты деректі-эссе кітабы, «Сатыбалды» (өлеңдер мен поэмалар), «Сонау бір тұрған Нарында» кітаптары жарық көрген. «Ғасыр, саған айтам», «Елестер мен белестер», «Аспан асты, жер үсті» поэмалары, зерттеу мақалалары, очерктері әр түрлі мерзімдік басылым беттерінде жарияланды. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен, медальдармен марапатталған. Бөкей ордасының тарихы, танымал тұлғалары туралы көптеген танымдық мақалалар мен очерктердің авторы.

Әдебиеттер:

Даумов С. Жалын ғұмыр: поэмалар мен өлеңдер. - Алматы:Жазушы, 1990. - 120 б.

Даумов С. Тауқыметті тағдыр = Роковая судьба: Алма Оразбаеваның ғұмырнамасы.- Алматы: Өлке, 2002.- 132 б. - (Мектеп кітапханасы).

Даумов С. Толық шығармалар жинағы. - Т.1. - Алматы, 2009. - 288 б.

Даумов С. Толық шығармалар жинағы. - Т.2. - Алматы, 2009. - 304 б.

Даумов С. Тауқыметті тағдыр = Роковая судьба: Алма Оразбаеваның ғұмырнамасы.- Орал: Ағартушы, 2010. – 126 б. - (Ақ Жайық қаламгерлерінің кітапханасы).

*****

Дауымов Сатыбалды: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. - Алматы, 2010. – Б.226.

Дауымов Сатыбалды: өмірдерек // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст.: С.Қамшегер, Қ.Жұмашева. - Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. - Б.119.

Асабаев З. Ордалық ойшыл ақын дос: белгілі зерттеуші - ғалым Сатыбалды Дауымов жайлы мөлтек сыр // Ана тілі. - 2015. – 10 - 22 шілде. - Б. 14.

Жолдығали Г. Нарында туған "Тау тұлға": ақын, аудармашы Сатыбалды Даумовтың шығармашылығына арналған "Тау тұлға" атты еске алу кеші өтті // Орал өңірі. - 2018. - 13 қараша. - Б.12.

Балмолда М. Тау тұлға: ақын Сатыбалды Даумовты еске алу кеші // Қазақ әдебиеті. - 2018. - 21 желтоқсан. - Б. 3.