Ақын, әдебиетші, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Батырболат Айболатұлы 1972 жылы 19 тамызда Казталов ауданы, Бостандық ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Орал қаласындағы С. Сейфуллин атындағы №11 қазақ орта мектебін, 1995 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-ді, 2000 жылы осы университеттің аспиратурасын бітірген.
1995-97 жылдары Қазақстан ҰҒА М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының кіші ғылыми қызметкері, 1998-2001 жылдары «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясында қызмет атқарды. «Қазақстан» ұлттық телеарнасында редактор-стилист. 2001-09 жылдары түрлі газеттер мен баспаларда жұмыс істеді. 2009 жылы ҚР Президенті әкімшілігінде баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі.
1996 жылы «Мен ғашық қыз», 2001 жылы «Көзмоншақ» атты жеке өлең кітаптары жарық көрді.
Батырболат Айболатұлы екі мәрте (1997, 1998) ҚР Президентінің стипендиаты атанды. Өлеңдері 2000 жылы Алматы қаласынан шыққан «Қазақстан жас ақындарының антологиясына» енген. Ол ғылыми жұмыспен айналысып, қазіргі қазақ поэзиясының түрлік-бейнелік ерекшеліктерін зерттеп жүр.
Айтболатұлы Батырболат: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. - Алматы, 2010. – Б.104.
Айтболатұлы Батырболат: өмірдерек // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст.: С.Қамшегер, Қ.Жұмашева. - Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. – Б.16 -17.
Айтболатұлы Батырболат: өмірдерек, өлеңдер // Жас ақындар жырларының антологиясы. -Алматы, 2000. – Б.320.
Талапов Ш. «Кезінде өмірімді өлеңсіз елестете алмаушы едім...» // Орал өңірі. – 2012. - 2 тамыз. – Б.10.