Энгельс Ғаббасов 1937 жылы Жалпақтал ауылында дүниеге келген. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогика институтын, Алматы Жоғары партия мектебінің журналисти­ка бөлімшесін, Мәскеу қаласындағы аспирантураны бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент. Э. Ғаббасовтың бүкіл өмірі мен қоғамдык қызметі өзінің туған өлкесі - Орал өңірімен тьныз байланысты. Ол Жалпақ­тал ауданының мектептерінде ұстаздық етті, облыстық партия комитетінің идео­логия бөлімінде қызмет істеді, облыстық жазушылар ұйымына жетекшілік етті, халық депутаттары облыстық Кеңесінде бөлімді басқара жүріп, педагогика институтында сабақ берді.

1995 жылы ол Қазақстан халықтары Ассамблеясының атқарушы хатшысы болып тағайындалды және Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі болып сайланды.

Э. Ғаббасов - 10-нан астам повестер мен әңгімелер жинақтарының авторы. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының және халықаралық «Пен-клуб» жазушылар ұйымының мүшесі. Туған ел табиғатын қорғау - Ғаббасовтың жан-жақты қоғамдық қызметінің бір бөлігі ғана. Өз шығармаларында ол қоршаған ортаны қорғау, адамның өмір-тіршілігін қамтамасыз ету идеясын жақтайды, жер қойнауы байлығын ұқыпты, парасатпен пайдалануға шақырады.

Жазушы және эколог ретінде облыста және республикада кең танымал бола отырып, ол ауа райын болжауда өзін әйгілі етті. Ол Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болып екі рет сайланды.

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының сынақ полигондары жөніндегі бірлескен комиссиясының төрағасы, Сенат депутаты.

Э. Ғаббасов - «Құрмет Белгісі» орденінің және бірнеше медальдың иегері.

Әдебиеттер:

Габбасов, Э. Баллада о любви: рассказы. - Алма-Ата: Жалын, 1986. - 172 с.

Габбасов, Э. Ветка сирени. Старый чабан. За санями. Няня // Людям - полной горстью: документальные новеллы и очерки. - Алма-Ата: Казахстан, 1967. – С. 91-122.

Габбасов, Э. В то лето и в эту зиму: повести. - Алма-Ата: Жазушы, 1980. - 160 с.

Габбасов, Э. В то лето и в эту зиму: повести и рассказы. - Алма-Ата: Дәуір, 1998. - 304 с.

Габбасов, Э. Зеленый лист на белом снегу: повести. - Алма-Ата: Жалын, 1982. - 136 с.

Габбасов, Э. Маленький мальчик и двое мужчин: повести. - Алматы: Жазушы,1983.-254 с

Габбасов, Э. Не оборвется тропа: повести. - Алма-Ата: Жазушы, 1989. - 234 с.

Габбасов Э. Одно дерево на всю степь: повести.-Алма-Ата: Жазушы,1976.-124 с.

Габбасов, Э. Свободная лошадь для джигита: рассказы. - Алма-Ата: Жазушы, 1969. - 80 с.

Габбасов, Э. Я с тобой. – Уральск, Уральская АТиСО, 2008. – 426 с.

 *****

Ғаббасов Энгельс: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. - Алматы, 2010. –Б.219.

Ғаббасов Энгельс: өмірдерек // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст.: С. Қамшегер, Қ. Жұмашева. - Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. – Б. 116 - 117.

Жақыпов, Ж. "Отар" - жаңа туынды : оқыдық, пікір айтамыз: Жерлесіміз Э. Ғаббасовтың өткен жылы "Простор" журналында жарық көрген "Отар" повесін көлемі жағынан шағын болғанымен бүгінгі таңдағы қалаулы шығармалардың қатарына жатқызуға болады // Орал өңірі. - 1986. - 13 маусым.

Железнинская, Р. Уақыт және қаламгер: Жазушы Э. Ғаббасовтың шығармашылығы туралы // Орал өңірі. - 1989. - Б. 4.

Хайроллин, К. Әуелден танымал еді // Орал өңірі. - 2007. - 23 тамыз.  – Б.12.

Қайраткерге көше берілсе?!: Қадыр Мырза әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында "Еңбегі ерек жан еді" атты мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Энгельс Ғаббасовты еске алу кеші өтті // Жайық үні. - 2017. - 27 сәуір. - Б. 6.

Шүйінішәлиева, М. Қаламгерге алтын қалам сыйлады: Жазушы, экс-сенатор, эколог, "Құрмет" орденінің иегері Э. Ғаббасов туралы // Жайық үні. - 2011. - 19 қаңтар. - Б. 2.