Мұштанова Дариға Ғазизкызы 1954 жылы 13 наурызда дүниеге келген. 1977 жылы Батыс Қазакстан облысы, Орал мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультеты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша бітіріп, жоғары 6iлім алып шыққан соң, бұрынғы Жалпақтал, қaзipгi Казталов ауданының Көктерек орта мектебінде аға пионер вожатыйы, мұғалім болып еңбек жолын бастады.
Мектеп қабырғасында жүрген оқушы кезінен аудандық газетке өлеңдерi жариялана бастаған. Он жеті жасында тұңғыш рет облыстық айтысқа катысып, жеңімпаз атанып, «Облыс ақыны» деген құрметті атақ берілді.
Кировтағы сегізжылдық мектепте енбек еткен жылдары (қaзipгi Казталов ауданы, Саралжын ауылы), «Қарлығаш» эстрадалық жастар ансамблін, драма үйірмесін, оқушылардың домбыра оркестрін құрып, ауыл балаларын өнерге баулыды. Аудандық, облыстық газет редакцияларында журналист, партия-кеңес органдарында лауазымды қызметтер атқарды. Жалпақтал аудандық «Қазақ тілі» қоғамын басқара жүріп, көптеген келелі icтepre қозғаушы болды.
>Батыс Қазақстан облыстық, Жалпақтал, Теректі аудандық мәслихаттарының депутаты болып сайланып, елдің әлеуметтік-рухани мәселелерін батыл көтеріп отырды.
Республикадағы алғашқы наурыз айтысына қатысып, Әселхан Қалыбекова, Қатимолла Бердіғалиевтермен қатар бірінші жүлдені жеңіп алды. Торғайлық Қонысбай Әбіловқа тізе бүктірген, Баянғали Әлімжанов, Cepiк Құсанбаев, Әзімбек Жанқұлиев акындармен үзенгі қағыстырып, жұртшылыққа әдемі әзіл айтыстар сыйлаған. Шолпан Қыдырниязовамен қайым айтысы, Александр Қауеновпен қыз бен жігіт айтыстары ел аузында.
Дариға Мұштанова Теректі ауданы, Подстепный ауылындағы республикаға танымал, алдынғы қатарлы «Yміт» лингвистикалық гимназиясының ipгeciн қалап, негізін салушы. 2001-2016 жылдар аралығында аталған оқу орнының директоры болып қызмет аткарып, білім ошағын облыстағы, республикадағы маңдайалды майталмандар қатарына алып шықты.
«ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, «ҚР мәдениет саласының үздігі, «Ы. Алтынсарин» төсбелгілерінің, «Тәуелсіздікке 10 жыл», «Тәуелсіздікке 25 жыл» мерекелік медальдарының иeгepi. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Парасат» орденімен марапатталған. Eciмi, өмip жолы «Батыс Қазақстан облысының энциклопедиясына» енгізілген.
«Адамның жаны бip жұмбақ» (2001 ж.), «Өмip-арна» (2004 ж.), «Қос қанат», «Жылама, жырла, Жайығым» 2010 ж. жыр жинақтарының, «YМІТ жетелеген бес жыл» (2005 ж.), «Yміт» атты 6ip ел бар...» (2015 ж.) педагогикалық жазбалар жинақтарының, «Аңыз болған абысындар» (2018 ж.), «Әз ғұмыр» (2019 ж.) көлемді повестерінің авторы.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Мұштанова Д. Адамның жаны бір жұмбақ..: өлеңдер. - Алматы, 2001. - 88 б.
Мұштанова Д. Аңыз болған абысындар: прозалық шығарма. - Орал: Гүлім, 2018. - 143 б.
Мұштанова, Д. Әз ғұмыр. - Орал : Шұғыла Принт, 2019. - 256 б.
Мұштанова Д., Қыдырниязова Ш. Қос қанат: өлеңдер, айтыс, жұмбақтар, мақалалар.- Орал, 2010.-328 б.
Мұштанова Д. Өмір-арна: өлеңдер. - Орал: Дастан, 2014. - 60 б.
Мұштанова Д. Апа: Ақұштап Бақтыгереева арналған жыр-шашу // Орал өңірі. - 2004. - 28 қазан.
Мұштанова, Д. Бала жаны : толғаныс // Орал өңірі. - 2024. - 18 маусым. - Б. 6.
Мұштанова Д. Гүл Аралы: өлеңдер // Жайық арулары. - 2004. - 11 наурыз.
Мұштанова, Д. Келеді көктем жарасып тәжі басына... : қазақстан Жазушылар одағына - 90 жыл // Орал өңірі. - 2024. - 7 наурыз. - Б. 6.
Мұштанова Д. Қайырдым өлең қақпалап: өлең // Орал өңірі. - 2006. - 3 тамыз.- Б.11.
Мұштанова Д. Қыз - келіншектер шығармашылығынан: өлеңдер // Ауыл айнасы. - 2011. - 7 наурыз. – Б.12.
Мұштанова, Д. Мектеп директорының жазбаларынан: бір түйір толғам // Орал өңірі. - 2024. - 9 мамыр. - Б. 6.
Мұштанова Д. Сағынамын биіктігін қарттардың: өлеңдер // Орал өңірі. - 2010. - 22 сәуір. –Б.8.
Мұштанова Д. "Шөберелер тойлап жатыр бабалардың жеңісін": өлеңдер // Орал өңірі.- 2005. - 8 мамыр.