Ақын Ұлдай Сариева 1958 жылы бұрынғы Жалпақтал ауданы, Талдықұдық ауылында дүниеге келген.
1975 жылы Талдықұдық орта мектебін бітіргеннен кейін аудандық газеттің тілшісі болды. Оның сыршыл өлеңдері республикалық мерзімді басылымдарда, облыстық және аудандық газеттерде 80-жылдардан жариялана бастады. Ұлдай Сариеваның өлеңіне жазылған (әні Д. Қажымовтікі) «Біз екеуміз» әні Жайық өңірі жастарының сүйікті әуеніне айналды.
Ұлдай Сариеваның өлеңдері 1990 жылдардың басында-ақ қазақ поэзиясының көш басында жүрген Қадыр Мырза-Әли, Фариза Оңғарсынова сияқты алыптарды елең еткізген. Сонау Астанада жүріп, ақын сіңлісінің тағдырына алаңдаған Фаризаның поэзиядағы заңды жалғасы да – осы Ұлдай Сариева.
2005 жылы Орал қаласы «Дастан» баспасынан ақын Ұлдай Сариеваның «Жарық ғұмыр» атты тұңғыш жыр жинағы шықты.
Сариева Ұлдай: өмірдерек, өлеңдер // Жайықтың мөлдір сырлары. - Орал, 2005. – Б.38 - 41.
Сариева Ұ. Жапырақ ғұмыр: өлеңдер. - Орал, 2005. - 154 б.
Сариева Ұлдай: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. - Алматы, 2010. – Б.458.
Сисенғали З. Қарағайға қарсы біткен қайсар талант: ақын Ұлдай Сариева // Айна. - 2010. -4 наурыз. - Б.7.