Ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Нарымбетов Әбділхамит Қуанұлы 1928 жылы 1 қаңтарда Жаңақала ауданының Мәстексай ауылында дүниеге келген. 1944 жылы Жаңақала ауданындағы орта мектепті бітірген. 1948 жылы Орал педагогикалық институтының филология факультетін бітірді. 1948-1952 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының аспирантурасында оқыды. 1952-1985 жылдары осы институттың ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.

1985-1990 жылдары Қолжазба және фоножазу бөлімінің, 1990-1992 жылдары текстология және жариялау бөлімінің, 1992-1995 жылдары деректану, библиография және ғылым тарихы бөлімінің меңгерушісі болды. Ал 1995 жылдан бас ғылыми қызметкер.

Әбділхамит Қуанұлы Нарымбетов қазақ әдебиеті тарихына байланысты ұжымдық еңбектер жазуға қатысты. Ғабит Мүсіреповтің 5 томдық (1972-1976) және  3 томдық (1980) шығармалар жинағын баспаға дайындап, ғылыми түсініктер жазды.

Жаңақала ауданының Құрметті азаматы Ә. Нарымбетов бірнеше медальдармен марапатталған.

Әдебиеттер:

Нарымбетов Әбділхамит: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедиясы.-Алматы, 2010. – Б. 405 - 406.

Нарымбетов Әбділхамит: өмірдерек // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст.: С.Қамшегер, Қ.Жұмашева. - Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. – Б. 209.

Жанболатов, Талғат. Жерлес ғалымға құрмет: ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбділхамит // Орал өңірі. - 2018. - 1 наурыз. - Б.13.

Сұлтанғалиева, Рита. Сөнбес сәуле: Биыл әдебиеттанушы, сыншы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Әбділхамит Нарымбетовтің туғанына 90 жыл толды. // Өркен. - 2018. - 29 наурыз. -  Б.6.

Шығармалары:

Нарымбетов Ә. Сәкен Сейфуллин: әдебиеттердің көрсеткіші. - Алматы, 1965.

Нарымбетов Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. - Алматы, 1966.

Нарымбетов Ә. Қазақ совет әдебиетіндегі Ленин образы. - Алматы, 1968.

Нарымбетов Ә. Дәуір және поэзия: зерттеулер. - Алматы, 1970.

Нарымбетов Ә. Қазақ кеңес поэмасы.-Алматы, 1970.

Нарымбетов Ә. Қазақ кеңес поэмасы елу жылда. - Алматы, 1970.

Нарымбетов Ә. Қазақ совет әдебиеті.-Алматы, 1970.

Нарымбетов Ә. Қазақ совет поэзиясы 50 жылда: зерттеулер. - Алматы, 1970.

Нарымбетов Ә. Қазақ совет поэзиясы 60 жылда.-Алматы: Білім, 1980. – 48 б.

Нарымбетов Ә. Қ. Қазіргі қазақ поэмасы: монография.-Алматы, 1982.

Нарымбетов Ә. Қ. Қалижан Бекқожин: шығармашылығы.-Алматы, 1983.

Нарымбетов Ә. Ерлік пен еңбек дастаны. - Алматы, 1984.

Нарымбетов Ә. Қазақ әдебиеті. Казахская литература. 3том (1956-1960): әдебиеттану, сын және  өнердің библиогр. көрсеткіші. - Алматы, 1997. - 204 б.

Нарымбетов Ә. Әдеби өмір шежіресі. Екінші кітап. - Алматы, 2002. - 262 б.