1954 жылы 16 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Айдархан ауылдық Кеңесіне қарасты Фокеево (қазіргі «Сарыкөл» ауылдық округі) ауылында туған. 1972 жылы орта мектепті бітірген соң, автокөлік жүргізушілерін даярлайтын курста оқып, кәсіби мамандық алған. 1979 жылы Орал педагогика институтының филология факультетін үздік дипломмен тамамдаған.
Алғашқы еңбек жолын Орта Азия – Орталық газ құбырының Қисыққамыс желілік бөлімшесіндегі «Союзгазэнергоремонт» өндірістік-техникалық кәсіпорынының көшпелі бригадасында автокөлік жүргізуші болып бастаған. Кейін Жаңақала ауданындағы «Бірлік» асыл тұқымды мал зауытында есепші, қатардағы жұмысшы, Жаңақала аудандық өрт сөндіру мекемесінің автокөлік жүргізушісі болған. Жоғары оқу орнын бітірген соң, Жаңақала аудандық «Жаңарған өңір» газетінде тілші, хат, ауылшаруашылығы бөлімдерінің меңгерушісі, 1981 жылы облыстық «Орал өңірі» газетінде, ауыл шаруашылығы, мәдениет бөлімдерінде тілші, агроөнеркәсіп, Кеңес құрылысы бөлімдерінде меңгеруші, жауапты хатшы қызметтерін атқарған. 1998 жылы Батыс Қазақстан облыстық сотының жетекші маманы қызметінде болған. 1999 жылдан бері облыстық Сотта бас маман – баспасөз хатшысы.
Қаламгердің «Мәңгі көктем» («Жазушы», 1999) деген атпен тұңғыш жинағы шыққан. «Сол бір сүргін», «Езуіңді жи», «Жайсаңдары-ай Жайықтың» (2005) атты өлеңдер, әзіл әңгімелер, әндер жинағы жарық көрген. 2009 жылы Оралдағы «Ағартушы» баспа-полиграфия орталығының баспаханасынан «Жарқ еткен дәурен» деген атпен шығармаларының таңдамалы жинағы шыққан.
Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі. Орал қаласында тұрады.
Шахин А. Жанып тұрған жастық шақ: өлең // Орал өңірі. - 1998. - 7 сәуір
Шахин А. Мәңгі көктем: өлеңдер, балладалар. - Алматы, 1999. - 72 б.
Шахин А. Соғыс барометрі: өлең // Жеңімпаздар. Победители. - Орал, 2000. - 140 б.
Шахин А. Езуіңді жи: әңгемелер мен әзілдер.-Алматы, 2003. - 120 б.
Шахин А. "Езуіңді жи" әзіл-сықақ кітабынан Жайсаңдары-ай Жайықтың: Серікқали
Шарабасовқа арнау // Қазақ әдебиеті. - 2003. - 9 мамыр. - 11 б.
Шахин А. Жайықтың жайсаңдары: өлеңдер // Орал өңірі. - 2003. - 20 маусым.
Шахин А. "Езуіңді жи" әзіл-сықақ кітабынан үзінділер // Орал өңірі.- 2004. - 1 сәуір.
Шахин А. Жайсаңдары-ай Жайықтың: өлеңдер, әзіл әңгімелер, әндер. - Алматы, 2005. - 136 б.
Шахин А. Қайдасын, көктем, жастық шақ!: өлеңдер // Орал өңірі. - 2005. - 19 шілде
Шахин А. Ақ шағала: өлеңдер // Орал өңірі. - 2007. - 6 желтоқсан. – Б.12.
Шахин А. Қайт, құстар!: өлең// Орал өңірі. - 2009. - 5 қараша.
Шахин А. Күлтөбенің басына шықты билер: өлең // Орал өңірі. - 2009. - 23 сәуір. - 10 б.
Шахин А. Әдебиеттің құдіреті // Тіл. - 2012. - №2. - 3. – Б. 28.
Шахин А. Тілім қышиды: әзіл әңгімелер мен деректі хикаялар. - Орал, 2012. - 200 б.
Шахин А. "Қорғаймын!" деп қазақты.... - Орал: Полиграфсервис, 2017. - 248 б.
Шахин Аманкелді: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002. -
Б. 521.
Шахин Аманкелді: өмірдерек // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст.: С.Қамшегер, Қ.Жұмашева.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. – Б. 426.