Қадырғали Құрманғалиұлы Хошеметов 1940 жылы дүниеге келген. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Ауданда бастауыш мектептің мұғалімі,  газетте әдеби қызметкер болып істеген. Ізгілік пен ізденуді өмірінің басты сенімі етіп алған ағамыз шығармашылық ниетпен Алматыға ауысқан. Сонда ұзақ жылдар еңбек етіп, «Мектеп» баспасының қазақ тілі мен әдебиеті редакциясында, «Қайнар» баспасында редактор, Мемлекеттік баспасөз комитетінде аға редактор болып, зейнеткерлік демалысқа шыққан.

Дегенмен еңбектен қол үзбеген. Аудармашылықпен шұғылданып «Болжамдық тоқсандар» атты журналда редактор болған.

Жастайынан қолы қалт еткенде серік еткен өлең жазуымен айналысқан. Ол көпшіл, әділ де турашыл, таза көңіл, әзілкеш, нағыз кітапқұмар,. жеке кітапханасы кім – кімді де таңырқататындай  болған

Алматыда тұрса да туған жермен байланысын үзбей, «Шұғылаға» топтамаларын жіберіп отырған.

Қымбат маған туған жердің түтіні,

Ең зор бақыт -  сонда өткізген бір күнім,- деп жан-жағына  жар  сала тебірене толғаған. 

Ақын өлеңдерінде өмір бар, өзіндік тәрбиелік қағидасы бар. Оның көптеген шыншыл, сыршыл өлеңдері оқырманын да тебірентеді, әсерге бөлейді. «Қымбат маған туған жер», «Біз осы кімбіз», «Өмірден түйгендерім», «Кек» т.б. сияқты өлеңдері оқуға сұранып тұрады

30 жылдай баспасөз саласында еңбектенген, еліміздің кітап шығару, оның ішінде мектеп оқулықтарын шығару ісіне лайықты үлес қосқан  танымал редактор Қадырғали Хошеметов 2005 жылы дүниеден өтті.

Әдебиеттер:

Хошеметов Қ. Жар бола гөр, баба бізге: өлеңдер // Октябрь туы. - 1994. - 1 желтоқсан. – Б. 3.

Хошеметов Қ. Мектеп бітірушілерге, түлектерге тілек...: өлеңдер // Октябрь туы. - 1994. - 11 маусым. – Б. 3.

Хошеметов Қ. Позия: өлеңдер // Шұғыла. - 2005. - 25 ақпан. – Б. 3.