Шолпан Меңжанқызы Текебаева 1930 жылы 4 сәуірде Орда ауданы, Қаракөл маңайында дүниеге келген. Орда орта мектебінен 8 класс бітіріп, Орал мұғалімдер даярлайтын курсынан білім алып, Әжен бастауыш мектебінде мұғалім болып жұмыс жасаған. 1950 -1952 жылы Оралдың А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтының тарих – қазақ тілі бөліміне түсіп, оны 1958 жылы бітіріп шықты. Облыстық «Екпінді құрылыс» газетінде істеген. 1964 жылдан 1988 жылдарға дейін Жәнібек ауданындағы Т. Жароков атындағы орта мектепте ұстаздық қызмет атқарды. Қазақ тілін оқыту саласында облыстық, республикалық педагогикалық оқуларға қатысқан. Махамбет шығармаларындағы патриотизмді оқыту әдістемелік баяндамасы үшін Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми – зерттеу институтынан Алғыс хат алған.

Ұстаздық қызметімен қоса өлең жазумен айналысып, аудандық, облыстық ақындар айтысына қатысты. 1979 жылы «Облыс ақыны» атағын алды.

Әдебиеттер:

Текебаева Ш. Тағдыр тауқыметін таразылап: көркем шығармаларға шолу // Октябрь туы. – 1992. - 4 желтоқсан.

Текебаева Ш. Абай құран қақында: өлең  // Октябрь туы. – 1994. - 26 қараша. – Б. 2.

Текебаева Ш. Ақұштап – азамат ақын // Жайық үні. - 2004. - 9 қыркүйек.

Текебаева Ш. Қадыр - рухы мықты ақын: Қадыр Мырза Әлидің туғанына 70 жыл // Жайық үні. - 2005. - 20 қаңтар.

Текебаева Ш. Халықтың қалаулысы еді: Әпен Текебаев туралы // Жайық дәрігері. - 2005. - 6 қазан.

Текебаева Ш. Ана тілі – тәуелсіздік тірегі: мемлекеттік тіл // Еділ –Жайық. - 2006. -7 сәуір.- Б. 2.

Текебаева Ш. Сүйемін көрді...: әңгіме 70- жылдардың кейіпкері // Еділ-Жайық. - 2006. -      5 мамыр. - Б. 5.

Текебаева Ш. Халықтың ашу ызасы: 1916 жылғы қазақтың ұлт - азаттық көтерілісіне - 90 жыл // Орал өңірі. - 2006. - 24 маусым. - Б. 3.

Текебаева Ш. Әлем поэзиясының бәйтерегі: А. С. Пушкин шығармашылығы // Орал өңірі. - 2007. - 28 қараша. – Б. 3.

Текебаева Ш. Бала болашағы бүгіннен // Орал өңірі. - 2007. - 6 ақпан. – Б. 3.

Текебаева Ш. Зиялы мені тыңда... // Орал өңірі. - 2007. - 17 наурыз. - Б. 2.

Текебаева Ш. Өлеңмен өрнектелген өмір: өлеңдер, естеліктер, мақалалар, қолжазбалар.-Орал: ЖШС «Полиграфсервис» баспаханасы, 2010.- 188 б.

Текебаева Ш. Есімде менің сол бір кез..: облыстық «Орал өңірі» газетінің 95 жылдығы // Орал өңірі. - 2013. - 28 наурыз. – Б.15.

*****

Досқалиева Ұ. Абзал апа арамызда жүр // Орал өңірі. - 2010. - 15 сәуір. – Б. 6.

Сариева Ұ. Бақытты ана // Орал өңірі. - 2008. - 27 мамыр. – Б. 4.

Ұрпақ тәрбиелеу – ұлылық: Шолпан Текебаеваның  ұстаздық жолы // Жайық арулары. - 2004. - 16 желтоқсан.