1889 жылы 20 наурызда Орал облысы, Жәнібек ауданында туған. Той-жиында өлең айтып, қайым айтысқа қатысып, «ақын келіншек» атанған. Туған ауылында 1944 жылға дейін сауыншы болып істеген. Өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде 1938 жылдан бері жарияланып тұрған. Кенен, Есдәулет, Болман тәрізді ақындармен өнер жарысына түсті. Республикалық ақындар айтысында жүлде алды. «Ақындар жыры», (1963). «Мақтанышым – өз елім» (1961), «Ана жыры» (1969), «Әже әлдиі» (1974) атты өлеңдер жинағы жарық көрді.

Әдебиеттер:

Өтеғалиева Халима: өмірдерек // Ақын-жыраулар. - Алматы: «Ғылым» баспасы, 1979. - Б. 118 -119.

Өтеғалиева Халима: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. - Алматы, 2002. – Б. 443 - 444.

<

Өтеғалиева Халима: өмірдерек // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст.: С.Қамшегер, Қ. Жұмашева. - Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. – Б. 319. Қажушева Р. Ортамызға оралған шежіре: халық ақыны Халима Өтеғалиева туралы // Жайық үні. - 2009. - 26 қараша. – Б. 8.

Тайшабаев К. Композитордың ақын анасы: Қапан Мусиннің анасы Халима Өтеғалиева // Қазақ әдебиеті. - 2003. - 19 қыркүйек