Ұлы классик ақын Пушкин Александр Сергеевич 1799 жылы 6 маусымда Мәскеу қаласында дүниеге келген. Ол 1811 - 1817 жылдары Царское Селодaki лицейінде оқиды. Осы жылдары алғашқы өлеңдері жазылды. 1820-жылдары «Руслан и Людмила», «Борис Годунов», «Евгений Онегин» сияқты ірі шығармаларын бастады. Саяси көзқарастарына байланысты бірнеше мәрте сілтеуге және бақылауға алынған.

1830 жылдары тарихи зерттеулермен айналысып, «Капитанская дочка», «История Пугачёвского бунта» шығармаларын жазды. А. Пушкин - әлем әдебиетінің аса көрнекті ақыны, ал оның 1833 жылғы Орал қаласына сапары - Пугачёв көтерілісі туралы әйгілі шығармаларының тууына себеп болған тарихи оқиға. Орал - Пушкиннің ғылыми-зерттеу сапарындағы ең маңызды қалалардың бірі. Қаланың мәдени өмірінде Пушкиннің ізі бүгінге дейін ерекше құрметпен сақтаулы. Орал қаласында Пушкиннің атымен музей ашылған. Бұл - Пушкин 1833 жылы үш күн тұрып, жұмыс істеген үй. Мұражай экспозициясында Пушкиннің қолжазбаларының көшірмелері, ақынға қатысты тарихи қолжазбалар, сондай-ақ поэттің посмерттік маскасының гипс формасы бар. Ғимарат - архитектуралық тарихи ескерткіш, бұрын атаман үйі болған. Қалада оның құрметіне орнатылған ескерткіш бар. Бұл ескерткіш Пушкиннің Оралға барғанына орай қойылған. Оралда Пушкиннің туған күні (6 маусым) мерекелік түрде атап өтіледі. Қала тұрғындары ақын ескерткішіне гүл шоғын қойып, өлеңдерін оқиды.

А. С. Пушкин - орыс әдебиетінің негізін қалаушы, әлемге әйгілі ақын, жазушы, драматург. Оның шығармалары орыс тілінің дамуына үлкен ықпал етті, сондықтан Пушкинді «орыс әдеби тілінің реформаторы» деп атайды.

А. Пушкин 1837 жылы 10 ақпанда Санкт-Петербург қаласында дуэльде ауыр жараланып, қайтыс болды.

Әдебиеттер:

Пушкин, А. Евгений Онегин: өлең-роман. - Астана : Аударма, 2002. - 264 б.

Пушкин, А. «Ескерткіш орнаттым мен қолдан келмес»: көпшілік-танымдық басылым. - Алматы: Алматыкітап, 2009. - 176 б.

Пушкин, А. История Пугачева. - М.: Советская Россия, 1983. - 136 с.

Пушкин, А. Қанатты сөздері мен нақылдары = Крылатые слова и афоризмы. - Астана: Фолиант, 2011. - 200 б.

Пушкин, А. Капитан қызы / құраст.: А. Барлыбаев; ред.: К. Мадибаева; ауд.: Ә. Тәжібаев, Ғ.Оспанов, Қ. Сағындықов. - Алматы: Жалын, 1984. - 286 б.

Пушкин, А. Пугачевтың тарихы. Ұлы Петрдің арабы. - Алматы: Қазақтың Мемлекеттік Көркем Әдебиет баспасы, 1956. - 129 б.

*****

Байғалиева, К. Абай мен Пушкин үндестігі // Жайық үні. - 2019. - 10 қазан. - Б. 3.

Бейсенбаев, М. А. С. Пушкиннің тұңғыш ескерткіші // Орал өңірі . - 1984. - 30 қыркүйек. - Б. 3.

Мондағалиева, Н. Пушкин және Жайық өңірі: мәдени мұра // Кітапхана. - 2006. - №2. - Б. 7 - 8.

Наурзин, Ғ. Орыстың ең ұлы кемеңгер ақыны // Жайық үні. - 2025. - 25 қаңтар. - Б. 5.

Өтебәлі, Ғ. Пушкиннің лицейлік достары: Қазақстандағы Пушкин жылы // Орал өңірі. - 2006. - 27 мамыр. - Б. 3.

Сүлеймен, А. «Капитан қызы» қазақша сөйлеткен: Қазақстандағы Пушкин жылына орай // Орал өңірі. - 2006. - 28 наурыз. - Б. 3.

Тілеген, А. Оралға барған әйгілі адамдар // Ақ желкен. - 2022. - №9. - Б. 31 - 34.

Текебаева, Ш. Әлем поэзиясының бәйтерегі: А. С. Пушкин шығармашылығы // Орал өңірі. - 2006. - 28 қараша. - Б. 3.

15. Шакелова, Д. Жайықты жағалаған жазушылар // Орал өңірі. - 2021. - 8 қазан. - Б. 16; Кітап және кітапхана. - 2022. - №3. -
Б. 47 - 49.

16. Щербанов, Н. «Оралға бардым мен – дағы» = «Поехал я в Уральск..»: А. С. Пушкин және Орал өңірі. - Уральск: Полиграфсервис, 2006. - Б.176

Ықсанғали, С. Жайықтың жағасында сайрап жатыр ақын ісі...: Қазақстандағы Пушкин жылына орай Оралда айтулы ақынға арналған тағы бір жаңа кітап жарық көрді // Орал өңірі. - 2006. - 16 қыркүйек. - Б. 2.