Даль Владимир Иванович 1801 жылы 22 қарашада (ескіше 10 қарашада) қазіргі Украинадағы Луганск қаласында дүниеге келген. Әкесі-Иван Матвеевич Даль-дәрігер, Даниядан Ресейге қоныс аударған ғалым адам. Анасы - неміс текті, орыс мәдениетін жақсы меңгерген білімді әйел болған. Владимир бала кезінде ата-анасымен бірге Орал қаласына (ол кезде Яицк қаласы деп аталған) көшіп келген. Оралда ол орыс және қазақ халықтарының өмірімен, тұрмысымен танысқан. Бұл оның кейінгі тілге, халық шығармашылығына деген қызығушылығын оятқан. Кейін Санкт-Петербургтегі Медико-хирургиялық академияны бітіріп, дәрігер мамандығын алған.

1826 жылдан бастап әскер қатарында дәрігер болып қызмет атқарған, соғыс қимылдарына қатысқан.1830 жылдары азаматтық қызметке ауысып, міністрліктерде және ғылыми экспедицияларда жұмыс істеген. Көптеген орыс губернияларын, соның ішінде Қазан, Нижний Новгород, Орынбор, Астрахань өңірлерін аралап, халықтың тілін, салтын зерттеген.

1833 жылдан бастап Орынборда Владимир Даль Орынбор өлкесінің әскери губернаторы В.Перовскиийдің жанында ерекше тапсырмалар жөніндегі шенеунік ретінде қызмет етеді. Дәл осы уақытта жазушы Орынбор губернаторлығы құрамына кіріп Орал казак әскерімен танысады.

1933 жылдың 13 тамызында В.Даль Оралға, Гурьевке (Атырау), Бөкей ордасына, үлкен және Кіші өзеннің төменгі ағысына сапарлар жасады. Ол қазақтар өмір сүретін аймақтарда көп болған. Қазақтардың сөздерін, тұрмыс-салтын, наным-сенімін жазып алып отырған. Оның қазақ өміріне қатысты жазған ең басты әрі құнды дүниесі - «Бикей мен Мәулен» повесі болды, онда дала халқының шынайы болмысы мен тағдыры шебер суреттелген. Сонымен қатар, оның сөздігінде көптеген қазақ тілінен енген сөздер кездеседі.

Жазушы Александр Пушкинді Жайық өңіріне (қазіргі Орал) алып келіп, әрі оның ғылыми-зерттеу сапарына үлкен үлес қосқан жан.

В.Даль өмір бойы орыс халқының тіл байлығын жинауға арнады. Ең басты еңбектері: «Тірі ұлы орыс тілінің түсіндірме сөздігі» (Толковый словарь живого великорусского языка) - 4 томдық, 200 000-нан астам сөз қамтылған. «Орыс халқының мақал-мәтелдері»  - 30 000-нан астам мақал-мәтел жинағы. Әңгімелер мен очерктер: «Матрос әңгімелері», «Орыс адамдары туралы» және т.б.

Владимир Иванович Даль 1872 жылы 4 қазанда (ескіше 22 қыркүйекте) Мәскеу қаласында дүниеден өтті. Мәскеудегі Дон зиратына жерленген. Орал қаласындағы жазушының болған үйдің қабырғасына ескерткіш-тақта орнатылған.

Әдебиеттер:

Даль, В. Бекей мен Мәулене // Дала бекзатының үйінде: ХІХ ғасырдағы орыс жазушылары қазақтар туралы / құраст.: Ә. Жұмабаев; ауд.: Ж. Смағұлов. - Астана: Аударма, 2003. - Б.12 - 40.

Даль, В. Бекей мен Мәулене / ауд.: Ж. Смағұлов // Тайқазан. - 2015. - 9 шілде. - Б. 17.

Даль, В. Избранные произведения / сост.: Н. Н. Акопова. - М.: Правда, 1983. - Б. 448.

Даль, В. Повести. Рассказы. Очерки. Сказки. - М.; Л.: Гослитиздат, 1961. - Б. 464.

Даль, В. Толковый словарь русского языка: иллюстрацияланған басылым. – М.: ЭКСМО, 2014. - Б.

*****

Даль Владимир Иванович: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2010. - Б. 224.

Даль Владимир Иванович: өмірдерек // Ол кім? Бұл не: Балалар энциклопедиясы. Үш томдық / құраст.: И. Хасенұлы. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» баспасы, 2025. – Т.1. - Б.416.

Ғұбайдуллин, Б. «Оралға келдім...» : А.С Пушкиннің Оралға баруына В. Дальдің кеңес беруі // Орал өңірі. - 2003. - 18 қыркүйек..- Б. 4 - 5.

Евстратов, Н. Владимир Даль и Западный Казахстан / Уральский педагогический институт им. А. С. Пушкина. - Уральск: Гостипография, 1957. - Б. 245 - 259.

Есқуатұлы, Б. Даль мен дала // Қазақ үні. - 2002. - қазан. - Б. 6.

Жұмағалиев, Б. Қазақтың жанашыр досы: В. И.Дальдің туғанына 200 жыл // Орал өңірі. - 2001. – 10 қараша. - Б. 3.

Шакелова, Д. Жайықты жағалаған жазушылар // Орал өңірі. - 2021. - 8 қазан. - Б. 16; Кітап және кітапхана. - 2022. - №3. -
Б. 47 - 49.