Орыс жазушысы, публицист, этнограф, фольклорист Максимов Сергей Васильевич 1831 жылы 25 қыркүйекте (кейбір деректерде 7 қазан) Костромская губерниясының Кологрив уезіндегі Парфентьево посадында дүниеге келген.

1900 жылы Санк-Петеребургтегі Ғылым академиясының академигі, Мәскеу университетінде оқыған. Белгілі еңбек-табыстары шаруашылық және тұрмыстық дін-ірлер, халықтың салт-дәстүрлері мен сенімдері зерттелген «Год на Севере», «На Востоке», «Сибирь и каторга» және басқа да жазбалары бар.

Максимовтың шығармалары этнография мен тұрмысты суреттеу тұрғысынан ерекше маңызға ие-ауыл тұрғындары, ремесленник-артельдер, ескі сенімдер зерттелген. Оның негізгі зерттеу жолдары Ресей ішіндегі провинциалды аймақтармен, солтүстік, шығыс елдермен байланысты болған.

Сергей Максимов 1862-1863 жылдары Орал қаласына Теңіз ведомствосының арнайы тапсырмасымен келген. Сапардың негізгі мақсаты - Жайық өзені мен оның маңындағы алқаптарын зерттеу, сондай-ақ жергілікті халықтың, соның ішінде Жайық казактарының балық аулау кәсібі мен тұрмыс-тіршілігін жан-жақты зерделеу болатын. Осы сапары нәтижесінде «Морской сборник» журналында «Орал қаласынан» («Из Уральска») және «Оралға баратын жолдан» («С дороги на Урал») атты мақалалары жарық көрді. Жазушының 20-дан астам тарихи-этнографиялық кітабы жарық көрген.

Максимов Сергей Васильевич 1901 жылы 3 маусымда қайтыс болды және Мәскеудегі Дон зиратына жерленді.

Әдебиеттер:

Максимов, С. Каторга империи. - М.: ЭКСМО- ПРЕСС, 2002. - 480 б.

Максимов, С. Крылатые слова: очерки / ред.: В. В. Чагин. - Красноярск: Красноярское книжное издательство. -1989. - 391 б.

*****

Максимов Сергей Васильевич: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2010. - Б. 280.

Евстратов, А.Н. Уральск и уральцы в творчестве С.В. Максимова // Уральску-375: материалы региональной научно-краеведческой конференции. - Уральск, 1988. - С. 99 - 103.