Орыс ақыны, прозаик, драматург, аудармашы және әдебиеттегі демократиялық бағыттың өкілдерінің бірі Плещеев Алексей Николаевич 1825 жылы 22 қарашада Ресейдің Кострома қаласында дүниеге келген. Жас кезінен әдебиетке қызығып, Мәскеу университетінде оқыған.

1840-жылдары Бутурлин үйірмесіне қатысып, еркін ойлы, қоғамдық бағыттағы жастармен араласқан. 1849 жылы петрашевшілер қозғалысына қатысы бар деген айыппен тұтқындалып, кейін әскери қызметке жер аударылды.

1850 жылдың 6 қаңтарында А.Плещеев Орал қаласына келеді және 1-шi Оренбургтік линейлі батальонға қарасты болады. Ол ондағы әскери қызметін жалғастырып, шамамен 7 жыл бойы әскери қызметте болған.

Алексей Николаевич А.Толстой, И.Тургенев, Н.Некрасов сияқты жазушылармен шығармашылық байланыста болды. Балалар әдебиетінің дамуына да үлкен үлес қосты. Белгілі шығармалары «Осенние листья», «Перед рассветом», «Степные думы». Көптеген лирикалық өлеңдер, аудармалар және балаларға арналған шығармалары бар.

Плещеев Алексей 1883 жылы 8 қазанда Петербургте дүниеден өтті.

Әдебиеттер:

Плещеев, А. Стихотворения / вст. ст. и примеч. Л. С. Пустильник; ред.: А. Бабореко. - Москва.: Художественная литература, 1975. - 432 с.

*****

Плещеев Алексей Николаевич: өмірдерек // Литературное Приуралье: посвящается 375-летию Уральска. - Уральск, 1988. - Вып.1. - Б. 20 - 21.

Гайденов, Н., Коровин, В. Алексей Николаевич Плещеев: биография. - М., 1860.

Прянишников, Н. Русские классики в Оренбургском крае. - Чкалов, 1935.

Пустильник, Л. А. Плещеев: Биография. - М.,1975.

Стрелец, А. Н. Плещеев в Уральске // Приуралье. - 1980. - 4 декабря.

Фетисов, М. Литературные связи России и Казахстана 30-50 годы ХІХ в. - М., 1956.