Орыс классик жазушысы, философ, педагог, публицист, әлемдік әдебиеттің ең ірі өкілдерінің бірі Толстой Лев Николаевич 1828 жылы 9 қыркүйекте Тула губерниясының Ясная Поляна атты жеріндегі графтар әулетінде дүниеге келді.
1837 жылы ата-анасынан ерте айырылып, ағаларының тәрбиесінде өсті. 1844 жылы Қазан университетінің шығыс тілдер факультетіне, кейін заң факультетіне оқуға түсті, бірақ оқуын аяқтамай тастады.
1851 жылы Кавказға ағасы Николайдың жанына барып, артиллерия офицері ретінде қызмет етті.Осы кезеңде алғашқы әдеби шығармалары жарық көрді («Балалық шақ», «Жастық шақ», «Олжаның тарихы»).
1962 жылы Лев Толстой Орал қаласына алғаш рет келеді. Жазушы Орал казактарының тұрмыс-тіршілігімен жақын таныс болған және олардың фольклоры мен тарихын жоғары бағалаған.Ол өзінің «За что?» атты шығармасын осы Орал өлкесінен алған әсерлері мен деректері негізінде жазған.
Л.Толстой әлем әдебиетіне көлемді романдарымен, философиялық еңбектерімен енді. Ең басты шығармалары: «Соғыс және бейбітшілік» (1865–1869), «Анна Каренина» (1873–1877), «Қайта тірілу» (1899) «Исповедь», «Крейцер сонатасы», «Әзгелік туралы» және т.б. Ясная Полянада мектеп ашып, халыққа білім беруді дамытуға күш салды. «Ясная Поляна» журналы арқылы педагогикалық тәжірибесін таратты.
1880 жылдардан бастап Л.Толстой өзіндік діни-этикалық ілім қалыптастырды: Шіркеу ілімдерімен келіспегені үшін 1901 жылы РПЦ тарапынан шығарылады.
1810 жылы, үйінен кетіп бара жатып, Астапово станциясында қайтыс болды.
Толстой, Л. Анна Каренина: роман / ред. А. Жикаренцев. - Санкт-Петербург: Азбука: Азбука - Аттикус, 2019. - 862 с.
Толстой, Л. Воскресение: роман, повести, рассказы. - М.: ЭКСМО, 2003. - 640 с.
Толстой, Л. Екі шал / пер.: Қ. Мұханбетқалиұлы // Жұлдыз. - - №7. - Б.144 - 161.
Толстой, Л. Соғыс және бейбітшілік: роман.1-2 кітап. - Астана: Аударма, 2008. - Т.1. - 792 б.
Роллан, Р. Толстойдың өмірі // Жұлдыз. - 2012 . - №2. - Б. 152 – 173
Тілеген, А. Оралға барған әйгілі адамдар // Ақ желкен. - 2022. - №9. - Б. 31 - 34.
9 қыркүйекте М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ-де орыс жазушысы Лев Толстойдың туғанына 180 жыл толуына орай «Л. Толстойдың әдеби және философиялық мұрасының еуразиялық сипаты» атты халықаралық ғылыми конферренция өтті // Қазақ әдебиеті. - 2008. - 12 қыркүйек. - Б. 2.
Файзолла, А. Толстойдың ізгілік идеясын өз халқы неге ұстанбайды?.: әлем әдебиеті // Орал өңірі. - 2021. - 2 сәуір. -
Б. 20 - 21, 22.
Шарабасов, С. Толстой және мұсылмандық // Орал өңірі. - 2008. - 9 қазан. - Б.14.