Балалар жазушысы, журналист Гайдар Аркадий Петрович (шын тегі - Голиков) 1904 жылы 22 қаңтарда Ресейдің Льгов қаласында дүниеге келді.             

1918 жылы 14 жасында А. Гайдар ерікті түрде Қызыл Армияға қосылды. Азамат соғысы жылдары бірнеше әскери бөлімде қызмет етті, жас командир атанды.

1920 жылдан бастап әдебиетке бет бұрып, балаларға арналған әйгілі шығармаларын жазды. Жазушының басты еңбектері «Тимур және оның тобы», «Школа», «Военная тайна», «Чук и Гек».  Ұлы Отан соғысы басталған соң майданға әскери тілші болып кетті.

Аркадий Гайдар аңшы достарымен бірге Орал өзенінің жағасындағы шалғында өмір сүрді. Оған Оралдың жайылма ормандары, кең байтақ дала кеңістігі қатты ұнады. Мұнда болашақ кітаптарына арқау болатын талай аңшылық оқиғалар мен қызықты хикаялар күтіп тұрды. Ол туралы тамаша естеліктерді оның досы, балалар жазушысы Б.Емельянов қалдырды. Борис Емельянов сол кезде Орал қаласында жұмыс істеп, Гайдармен бірге аңшылыққа шыққан.  Бұл естеліктерді оның «Гайдар туралы әңгімелер» және «Жасыл қоңыз» атты балалар кітаптарынан таба алады.

Аркадий Петрович Гайдар 1941 жылы 26 қазанда Украинаның Канив ауданындағы партизандар құрамында қаза тапты.

Әдебиеттер:

Гайдар, А. Алыстағы елдер: повесть пен әңгімелер / алғы сөзі М. Байділдаев; ред.: Ф.Днисламов, Б. Утембаева. - Алматы: Қазақтың Мемлекеттік Көркем әдебиет баспасы, 1959. - 187 б.

Гайдар, А. Тимур және оның командасы: повестер / ауд.: Ә. Ахметов; ред.: Т. Иманбеков. - Алматы: Жалын, 1977. - 143 б.

Гайдар, А. Алыстағы елдер: повесть / А. Гайдар; ауд. М. Байділдаев; ред. М. Асылгазин; пікір жазған К. Жумагалиев. - Алматы: Жалын, 1980. - 79 б.

*****

Гайдар в Приуралье // Приуралье. - 1978. - 25 ноября

Ищенко, Г. Он любил людей: А. С. Гайдар - 100 лет // Приуралье. - 2004. - 24 января. - С. 3.

Куликов, В. У Гайдара отобрали лошадь // Экспресс К. - 2004. - 29 января. - С. 5.

Пышкин, Б. Аркадий Гайдар в Приуралье // Западный Казахстан. - 1962. - 15 сентября. - С. 5.