Көрнекті кеңес жазушысы, драматург, публицист Иванов Всеволод Вячеславович 1895 жылы 12 (24) ақпанда Семей облысына қарасты Лебяжье ауылында (қазіргі Қазақстан, Павлодар облысының Аққу ауданы) дүниеге келген.
В.Иванов бала кезінен кітапқа, шығармашылыққа бейім болған ол мектепті толық бітірмей, жасынан-ақ әртүрлі кәсіппен айналыса бастаған. Павлодардағы типографияда жұмыс істеген, матрос болған, тіпті циркте факир және клоун болып өнер көрсеткен. Оның өмірлік тәжірибелері кейін шығармаларында кеңінен көрініс тапты.
1915 жылдан В.Ивановтың бастап алғашқы әңгімелері баспасөзде жарық көрді. Бірнеше шығармалары Максим Горькийдің назарын аударған соң, әдеби ортаға танымал бола бастады. Азамат соғысы кезінде Қызыл Армияда қызмет еткен. 1920-жылдары оның ең танымал шығармалары жазылды: «Партизаны» (1921), «Бронепоезд 14-69» (1922) - кейін театр сахналарында кең қойылған. Ол сонымен қатар «Серапионов бауырлары» атты Ленинград әдеби бірлестігінің белсенді мүшесі болды. Бұл топтың басты ерекшелігі - әдебиетті еркін шығармашылық тәжірибе ретінде дамытуға деген ұмтылыс.
Вселовод Иванов 1920 жылдары Орал қаласына келіп, өлке тарихына ерекше қызығушылық танытқан танымал орыс жазушысы. Ол 1927 жылы Жайық өңірін аралап, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі мен Пугачев көтерілісі туралы аңыздарды зерттеді. Сапар барысында Орал пролетарлық жазушылар қауымдастығына қолдау көрсетіп, қалада әдеби кештер ұйымдастырды. Сапардан алған әсері «Қазақтар» атты романының жазылуына басты негіз болды.
Кейінгі жылдары В.Иванов көп жазды, оның стилі реалистік суреттеуден психологиялық, философиялық бағытқа ауысты. Ең белгілі шығармаларының бірі - автобиографиялық «Похождения факира» романы.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Всеволод Вячеславович «Известия» газетінің әскери тілшісі болып жұмыс істеді. Соғыстан кейін Мәскеуде өмір сүріп, әдеби қызметін жалғастырды.
Иванов Всеволод Вячеславович 1963 жылы 15 тамызда Мәскеуде көз жұмды. Өмірінің соңында КСРО-ның еңбегі сіңген жазушысы атағын алған.
Иванов, В. Собрание сочинений в восьми томах: романы, повести, рассказы 1935 -1956 / под. ред.: Т. В. Ивановой. - М.: Художественная литература, 1975. - Т.5. - 696 с.
Ашгалиев, М. Наш писатель: Иванов Всеволод // Информбиржа. - 2010. - 20 мая. - С. 35.
Косенко, П. Факир Сиволот: повесть о молодом писателе Всеволоде Иванове и его времени // Простор. - 1977. - №1. - С. 86 - 109.
Фокин, Н. Всеволод Иванов и наш край // Приуралье. - 1980. - 20 сентября.
«Я написал несколько рассказов о виденном...»: о прибывание Всеволода Иванова в Приуралье // Фокин Н.И., Щербанов Н.М. Русское литературное Приуралье. - Кемерево-Уральск, 1995. - С.37 - 44.