Шолохов Михаил Александрович 1905 жылы 24 мамырда Ресейдің Дон өлкесіндегі Вёшенская станицасында дүниеге келген. Ол жас кезінен әдебиетке құмар болды, 17 жасынан бастап алғашқы очерктері мен әңгімелерін баспасөзде жариялай бастады. М.Шолохов Мәскеуде қысқа уақыт оқығанымен, материалдық қиындықтарға байланысты оқуын аяқтай алмады.

1926-1940 жылдары оның басты эпопеясы - «Тынық Дон» романы жазылды. Бұл шығарма төрт кітаптан тұрады және Дон казактарының өмірі, Бірінші дүниежүзілік соғыс, 1917 жылғы революция және азамат соғысы кезеңін шынайы бейнеледі.

1942 жылдың жазында Михаил Шолоховтың отбасы Батыс Қазақстанға эвакуацияланады. Оларға Орал қаласының ортасынан зәулім үй берілгенімен, жазушы соғыс уақытында сәнді үйде тұрмаймын деп, нәтижесінде өзінің туған жері Вешенская ауылына ұқсайтын Дариян (Дарьинское) ауылын таңдап, онда 1943 жылдың қарашасына дейін 15 ай тұрған. Жазушы Қазақстанды өзінің «екінші отаны» деп атаған.Ол 30 жыл бойы өңірге келіп тұрды. Шолохов қазақ халқының тіліне, салт-дәстүріне үлкен қызығушылық танытып, Чапаев ауылының маңынан арнайы үй салдырған. Оның «Олар Отан үшін шайқасты» романының алғашқы тараулары Батыс Қазақстанда жазылған.

1957 жылы М.Шолохов 1965 жылы Нобель әдебиет сыйлығының лауреаты атанды. М.Шолохов КСРО-ның ірі жазушысы ретінде Қазақстанның көптеген өңірлерімен, соның ішінде Орал облысы жазушыларымен де әдеби байланыста болған.

Қазіргі кезде Даринск ауылында жазушы тұрған үйде  М. Шолоховтың мемориалдық мұражайы орналасқан. Бұл - Қазақстандағы жазушыға арналған бірегей мәдени орын, онда Шолоховтың тұтынған заттары, қолжазбалары мен соғыс жылдарындағы өмірінен сыр шертетін жәдігерлер  сақталған. Орал қаласындағы ең маңызды және ең ұзын магистральді көше Михаил Шолохов есімімен аталады. Сонымен қатар Орал қаласында Михаил Шолоховқа арналған ескерткіш бар.

Жазушы Шолохов Михаил Александрович 1984 жылы 21 ақпанда Вёшенская станицасында дүниеден өтті. Қазіргі уақытта оның үйі музейге айналған.

Әдебиеттер:

Шолохов, М. Көкше дала: әңгімелер / ауд.: Х. Өзденбаев; ред.: Н. Мураталиев, Б. Дуанбекова. - Алматы: Жалын, 1982. - 144 б.

Шолохов, М. Көтерілген тың: роман / ред.: А. Атыгаев. - Алматы: Жазушы, 1965. - 2 кітап. - 439 б.

Шолохов, М. Тихий Дон: роман. В 4 кн. - М: ЭКСМО, 2005. - Кн.3-4. - 832 б.

*****

Шолохов Михаил Александрович: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы: «Арыс» баспасы, 2010. -
Б. 529 - 530.

Жұмағалиев, Б. Шолохов. Жалтыркөл. Нобель сыйлығы // Егемен Қазақстан. - 2005. - С. 27 .

Жұмағалиев, Б. Шолоховтың ақботасы // Егемен Қазақстан. - 2005. - С. 30.

Жұмағалиев, Б. Михаил Шолохов Ақ Жайық төрінде // Орал өңірі. - 1989. - 11 маусым. - Б. 4.

Құсайын, Т. Шолоховтың шабытын шалқытқан Шалқар көлі туризм орталығы бола ала ма? // Егемен Қазақстан. - 2014. -
10 маусым. - Б. 6.

Рамазанова, Л. Әкемнің тамыры еді: әлем әдебиетінің алыбы Михаил Шолохов туралы // Орал өңірі. - 2010. - 4 қараша. - Б. 6.

Смағұлова, Т. Шолохов елінде // Орал өңірі. - 2001. - 14 маусым. - Б. 3.

Тілеген, А. Оралға барған әйгілі адамдар // Ақ желкен. - 2022. - №9. - Б. 31 - 34.