Кеңес Одағының Батыры

Мәншүк Мәметова

(23.10.1922-15.10.1943)

Мәншүк Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасында дүниеге келген. Ол 1942 жылдың тамыз айынан майдандағы армия қатарында болып, үздік пулеметші атанды.

21-гвардиялық атқыштар дивизиясының пулеметшісі, гвардия аға сержанты Мәншүк Мәметова Псков облысының Невель қаласын қорғаудағы шайқаста асқан ерлік көрсетіп, қаза болды.

1944 жылдың 1 наурызында Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, кейінірек Ленин орденімен марапатталған.

Мәншүк Мәметованың 60 жылдық мерейтойына орай, 1982 жылы Орал қаласында мемориалдық мұражай үйі ашылды. Мұражай 1932-1934 жылдары Мәметовтер жанұясы тұрған үйде орналасқан.

Қазақ қыздары арасында тұңғыш рет теңдесі жоқ ерлік көрсетіп, туған Отанын, халқымыздың ар-намысын қорғаған Мәншүк есімі әр уақытта да жастарға өшпес өнеге болмақ. Ғұмыры қысқа болса да, Мәншүк Мәметованың қаһармандық бейнесі халық жадында мәңгі сақталады.

Алға
Басты
Артқа
Русский