Халық қаһарманы

Хиуаз Доспанова

(15.05.1922-20.05.2008)

Қазақтың ержүрек қыздарының бірі, 300 рет әуе шайқасына қатысқан тұңғыш әскери ұшқыш Хиуаз Доспанова 1922 жылы 15 мамырда Атырау облысында дүниеге келген. Жасынан ұшқыш болуды армандаған қазақ қызы Мәскеуден Қиыр Шығысқа қонбай ұшқан Марина Расковаға еліктеп, ұшқыш болуға біржола бел байлаған. Сөйтіп, Орал қаласының №1 мектебінде оқып жүріп, қаладағы аэроклубқа жазылып, «ұшқыш» деген куәлік те алып шығады.

Ұлы Отан соғысы басталғанда соғысқа сұранған оны Саратов әскери-әуе училищесіне оқуға жібереді. Мұнда әуе штурманы класын бітіріп, 1942 жылы тарихта тұңғыш рет құрылған түнгі мезгілде жау позицияларын бомбалайтын әйелдер полкінің құрамында майданға аттанады. 300-ден астам әскери ұшу жасап, жаудың обьектілерін бомбалайды, жаудың адам күші мен техникасын шығынға ұшыратып отырады.

Майдандағы ерлігі үшін І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» мен «Қызыл Жұлдыз», Қызыл ту» ордендерімен және «Кавказды азат еткені үшін» медалімен марапатталады.

2004 жылы Хиуаз Доспановаға Елбасы Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы мен «Отан» ордені берілді.

Алға
Басты
Артқа
Русский