Әлия Молдағұлова

(15.06.1925-20.04.1944)

Молдағұлова Әлия Нұрмағанбетқызы 1925 жылы 15 маусымда Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылында Нұрмұханбет Сарқұлов пен Маржан Молдағұлқызының отбасында дүниеге келді.

1931 жылы қыркүйекте Әлияның анасы Маржан қайғылы қазаға ұшырады.

1933 жылы әкесі Әлияны Ақтөбедегі Озерная көшесі 6-үйде тұратын Маржанның бауыры, Әлияның нағашысы Әбубәкір Молдағұловтың қолына әкеліп береді.

Әлия нағашысының отбасымен бірге Әулиеатаға көшеді. Осындағы теміржол мектебіне бірінші класқа оқуға барады. 1935 жылы Әлия нағашысы Академияға оқуға түсуіне байланысты, оның жанұясымен бірге Мәскеуге келді. Осындағы №35 мектепте оқуын жалғастырды.

1938 жылы Әскери-транспорт академиясын Ленинградқа көшіруге байланысты Әбубәкір сонда қоныс аударады да, Әлия осындағы №46 балалар үйіне орналасады, №140 мектепте оқи бастайды.

1941 жылы Ә. Молдағұловтың отбасы Ташкентке көшті. Әлияның азғантай өмірінде елеулі із қалдырған қала Ленинград еді.

1942 жылы наурыз айында №46 балалар үйі «Ладога өмір жолымен» Вятское селосына көшіріледі.

1942 жылы шілдеде Әлия 7-класты бітіріп, балалар үйімен қоштасады.

1942 жылы Рыбинск авиатехникумына оқуға түседі.Үш жыл оқуын көпсініп, әскерге сұранып, көптеген қиыншылықтан соң, 1942 жылғы 21 желтоқсанда Мәскеудегі мерген қыздар мектебіне қабылданады.

1943 жылғы шілде айында Калинин майданы, 54 атқыштар бригадасына жіберіледі. Өзін нағыз жауынгер ретінде көрсетіп, 70-тен аса фашистердің көзін құртты.

1944 жылы 14 қаңтар – Әлияның соңғы шайқасы. Қазақтың қайсар қызының елге аңыз болған теңдесі жоқ ерлігі ұрпақтарға үлгі болып, мәңгілік категорияға айналды.

Алға
Басты
Артқа
Русский