Ұлы Отан соғысы жылдарындағы сұрапыл шайқастарда қазақ халқының жауынгерлігін әлемге паш еткен қазақ қыздарының қаһармандық рухы – жастарды мәңгі отаншылдыққа тәрбиелейді.
Жеңіс күнін жақындатуға үлесін қосқан қазақ қыздары ұлтқа тән мінез бен қасиеттің үлгі өнегесін көрсетті. Олардың ерліктері қазақ қыздарына сол кездің өзінде-ақ күш-қайрат, жігер берді.
Ерлік даңқы мәңгілік. Елінің бақыты мен бостандығы жолында күрескен қаһарман ұл-қыздарын халқымыз ешқашан жадынан шығармақ емес. Қанша жыл өтсе де, Кеңес Одағының Батырлары Әлия мен Мәншүкті, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованы ұлықтаудаудан жалықпайды.
2022 жылы Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова мен Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың 100 жылдық мерейтойларына арнап «Батыр да қайсар қос ару» атты мультимедиялық құралын оқырман назарына ұсынды.
Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына орай жоба қайтадан жаңғыртылып, толықтырылып отыр.
Мультимедиялық құралда батыр қыздардың өмірі мен жасаған ерліктері туралы жазылған кітаптардың, мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалардың библиографиялық тізімі, марапаттары, хаттары, ескерткіштер, фотолары, ғаламторда кездесетін кино, деректі фильмдерге сілтемелер т.б. мәліметтер ұсынылған.
«Арулар отты жылдарда» атты мультимедиялық құрал туған Отанын, халқымыздың ар-намысын қорғап, ерлік көрсеткен қазақ қыздары Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Хиуаз Доспанова туралы танысқысы келетін көпшілік оқырмандарға арналады.