2010
Қазақстандық Кеңес одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. – Алматы: Өнер, 2010.-320 Б.
Аннотация:
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерекесіне орай шығып отырған бұл энциклопедиялық жинаққа
қазақстандық Кеңес Одағы Батырларының ерлікке толы өмірбаяндары енгізілген.
2012
Қаһарман қыз Хиуаз: әскери ұшқыштың жазбалары, естеліктер, очерктер, мақалалар,
сұхбаттар, өлеңдер. – Алматы, 2012. –Б. 296.
Аннотация:
Жастық шағы отты жылдардың шарпуында өтіп, сұрапыл соғыстың күркіреген күндері мен
түндерінде қырандай қайсарлығымен қаһармандық танытқан Хиуаз Доспанованың ерлігі елге өнеге, ұрпаққа үлгі десе де болады.
Есімі әйгілі қаһарман ұшқыштың мерейлі 90 жылдығына арналған бұл жинаққа Хиуаз Доспанова жайлы деректі дүниелердің бір шоғыры
іріктеліп, топтастырылып берілген.