1985
Сыздықов, Ш. Мәншүктің өшпес ерлігі: деректі повесть. - Алматы: Қазақстан, 1985. – Б. 104.
Аннотация:
Целиноградтық қарт журналист, Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы капитан Шүкіржан Сыздықовтың
бұл деректі повесінде Совет Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың майданға аттануынан бастап оның соғыстағы өшпес ерлігі, өзі
көріп-білген оқиғалар, Батыр қыздың төңірегіндегі жауынгерлер жайлы сыр қозғалады. Автордың бұл естелігі Ұлы Жеңістің 40 жылдығына арналған.
1992
Халимулдина, А., Халимулдин, Ә. Мәншүктің жұлдызды сәті: естеліктер. - Алматы: Балауса, 1992. – Б. 448.
Аннотация:
Аққан жұлдыздай қысқа ғана ғұмырында халқының, елінің атын даңққа бөлеген батыр қыз, қазақтың аяулы аруы Мәншүк Мәметова жайында айтылып та,
жазылып та жүр. Көркем фильм де бар. Әйтпесе де осы кітаптың жөні бөлек. Өйткені оны жазған ерлі-зайыпты майдангерлер. Мәншүкпен қан майданда
қатар жүріп, қара нанды бөліп жескен, соғыс тауқыметін бірге тартысқан қарулас достары, үзеңгі жолдастары.