Жүрек сөзі
Сөзі: А.Бақтыгереева
Әні: Б. Оралұлы
Кеше ғана жөргегінде сәби едім ананың.
Кеше ғана көлдері де мөлдір еді даланың.
Кеше ғана мөлдір еді жалт қараған бала жанарың.
Оймақ ернің үлбіреді ақ гүліндей даланың.
Сыңғырлаған дауысыңда сұлу күлкі бар еді.
Мөлдір өзен ағысындай сенің әнің әдемі.
Неге салқын күз келеді неге гүлдер солады,
Ғашық жандар өзгереді жүректері жаралы.
Қайырмасы:
Айтшы жаным,
Сағындырған бала дәурен қайда?
Айтшы жаным,
Қалмады ма соның бәрі ойда?
Кешір жаным,
Жүрегімнің саған айтқан сөзін
Кешір жаным, өмірімнің қожасы өзің.
Кеше ғана аппақ едің, таза едің ақ қардай.
Ақ айдынның базары едің аққу ұшып жатқандай.
Кеше ғана мына жалған әділетке түгел малынған.
Қайда барсаң шығады алдан адал достар сағынған.
Кеше ғана сүйем дедің, болам дедің саған жар.
Мен алдауды үйренбедім, неге сатқын адамдар?
Кеше ғана сыйласқандар үндемейді неге бұл күнде?
Жыламайды қимас жанар салқындаған күлкің де.
Қайырмасы:
Мектебіме
Сөзі: А.Бақтыгереева
Әні: Б. Жұманиязов
Арайлы атамекен қарағайлы,
Сағыныш жүрегімнен тарамайды.
Бақытты балалығым, балғын шағым
Алыста қалған күндер оралмайды.
Қайырмасы:
Ордасы тамашаның,
Оралмас бала шағым,
Мектебім – болашағым, болашағым менің!
Арманын арындатып жалын жастың.
Аласа көне мектеп бағымды аштың.
Жасымнан алып ұшқан қиялыма
Қанатын байлапбердің қарлығаштың.
Қайырмасы:
Оралмас қоңыраулы дала таңым,
Ұстаздың қалдырды есте алақанын.
Болашақ ғасырлардың қиясына
Сұңқардың ұшыра бер балапанын.
Қайырмасы:
Еркежаным
Сөзі: А.Бақтыгереева
Әні: Б. Оралұлы
Ерке гүлім, ертегінің аруындай нәзігім,
Шалқытады, балқытады жүрегімді наз үнің.
Сайра, жаным, айналаның қуанышы дауысың,
Әнге бөлеп, сәнге бөлеп кең даланы,тау ішін.
Қайырмасы:
Назың көркем, сазың көркем,
Сандуғаштай үніңе
Тамсанады, қол соғады
Ән аңсаған дүние.
Еркежаным, көркем әнім, шырқа биік тағы да,
Салтанаттың, махаббаттың жина нәрін жаныңа.
Құшағыңнан шашып алма туған жердің гүлдерін,
Еркежаным, көркем әнім, құйыла бер күнбе-күн.
Қайырмасы.
Еркежаным, көркем әнім, әсем саздыаңсаған,
Қуанады, жұбанады әнді сүйген қанша адам.
Еркежаным, көркем әнім, жалықтырма тыңдаудан,
Ән салмаған жүректер бар бақытынан құр қалған.
Қайырмасы.