Ә. Молдағұлова туралы кітаптар

1994

Оралбай, Ә. Әлия: деректі повесть. - Алматы : Ер-дәулет, 1994. - 154 б.

Аннотация:

Аты аңызға айналған Әлия Молдағұлова туралы деректі повесте батыр қыздың өткен өмір жолы, ерлік шежіресі көркем тілмен суреттеледі. Өлім мен өмір сынға түскен қатерлі күндер шындығы, Әлияның нәзік жан дүниесі шынайылықпен өріледі.

2000

Қауыс, Ұ. Әлия - ғасыр аруы: жаңа деректер мен ой-пікірлер / Ұ. Қауыс, Ғ. Байдербес. - Ақтөбе: Жазушы, 2000. - 156 б.

Аннотация:

Бұдан бұрын да әлиятану жолында қалам тербеп жүрген авторлардың бұл кітабында жаңа деректер мен құнды ой-пікірлер жарияланып отыр. Ғасырлар асуында ерлігі ескірмей, тәуелсіз еліміздің жастарына үлгі боларлық Әлия ару ерлігі ел жадында аңызға айналмақ. Кітаптың тілі жатық, құнды деректері мол. Қалың көпшілікке арналған.

2005

Әлия-Алия: Қазақ халқының даңқты қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Нұрмұханбетқызы Молдағұлованың (1925-1944) туғанына 80 жыл толуына арналады. - Ақтөбе. - 2005. - Т.1 - Б. 304.

Аннотация:

Он тоғыз жасқа жетер-жетпес ғұмыр кешкен Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы сөз әлі айтылып біткен жоқ. Себебі әр дәуір мен өзгермелі әр қоғамның сөз ұстаушылары ол туралы әрқалай толғайды. Оқырманға ұсынылып отырған бұл екі томдық биыл жарық көрген «Әлия» атты альбом кітаптың заңды жалғасы.

2005

Әлия-Алия: Қазақ халқының даңқты қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Нұрмұханбетқызы Молдағұлованың (1925-1944) туғанына 80 жыл толуына арналады.- Ақтөбе. - 2005. - Т.2 - Б. 304.

Аннотация:

Бұл екінші томдықта Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова туралы әр жылдарда жарияланған өлеңдер мен поэмалар, повестерден үзінділер, ән мәтіндері топтастырып отыр.
Басты
Артқа
Алға
Руский