Ә. Молдағұлова туралы кітаптар

2005

Әлия: қазақ халқының батыр қызы Әлия Молдағұловаға 80 жас / облыстық мәдениет басқармасы мен Ә. Молдағұлова атындағы Қобда мұражайы. - Ақтөбе: NOBEL, 2005. - 25 б.

2005

Гүл-ғұмыр: Әлияның 80 жылдық мерейтойына арналған өлеңдер жинағы. - Ақтөбе: Ақжар - АБК, 2005. - 108 б.

Аннотация:

Он тоғыз жыл ғана өмір сүрген Әлияны дүйім қазақ жұртына таныстырған, қала берді әлемге паш еткен – көсем-сөзшілер, жазушы-ақындар. Сол себепті де Әлияның 80 жылдық мерейтойына арналған осы жинаққа батыр қыз туған өңірден шыққан республикаға танымал ақындардың өлеңдері топтастырылып отыр. Кітап жырсүйер қауымға, көпшілік оқырманға арналған.

2009

Жұмақанов, Ж. Әлияның әні: повесть / Жұмақанов, Ж. - Алматы : 8&8 ЖШС, 2009. - 86 б.

Аннотация:

Бұл кітапта автор Әлия Молдағұлованың соғыста көрсеткен ерен ерлігін, оның қазақы мінез-құлқын, елге-жерге деген шынайы патриоттық сезімін нанымды суреттеді. Повесть мектеп жасындағы оқушыларға және көпшілік оқырмандарға арналған.
Басты
Артқа
Руский