ПОРТАЛ ТУРАЛЫ
Құрметті оқырмандар !!!
Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасы «Біздің Жұбан» әдеби порталын құруды 2016 жылдан бастап қолға алды.
Әдеби порталда қазақтың ұлы ақыны Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәліметтер жинақталған.
Портал бірнеше бөліктерден тұрады:
- өмірбаян;
- естеліктер;
- кітаптар;
- өзге тілге аударылған шығармалар;
- мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар;
- ол туралы жазылған еңбектер;
- қоғамдық және жеке өмірі туралы:
- жеке құжаттар;
- фотолар;
- бейне жазбалар;
- іс-шаралар.
«Біздің Жұбан» әдеби порталы кітапхананың https://zkolib.bkogov.kz сайтындағы заманауи электронды энциклопедиялық ресурс.
Электронды ресурста Жұбан Молдағалиевтің кітапхана қорындағы кітаптары, мерзімді басылым беттеріндегі мақалаларымен қатар раритеттерден бастап қазіргі заманғы басылымдармен толықтыра отырып, бөгде ресурстарға сілтемелер арқылы берілген.
Жоба кітапхананы жаңа басылымдармен толықтырып қана қоймай, ақын туралы жаңа жарияланымдарды мерзімді басылымдар мен шетелдік дереккөздерінен іздестіреді. Сондай-ақ біздің қорымызда жоқ басылымдар анықталды. Осы мақсатта Қазақстан және шетел ірі кітапханаларына серіктестік ұсыныспен жетіспейтін кітаптардың сандық көшірмелерін алу туралы хаттар жіберілді.
Әдеби портал ақын туралы тың мәліметтер пайда болған сайын толықтырылады.
Электрондық көшірмелерге ашық қол жеткізу Қазақстан Республикасының авторлық құқығы туралы Заңына сәйкес беріледі.