Жұбан оқулары
Ж. Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қоғам қайраткері, киелі Ақжайық топырағынан нәр алып, қияға қанат қаққан, поэзия әлемінің биік шыңдарын бағындырған, өр дауысты, айбынды ақын, аяулы жерлесіміз Жұбан Молдағалиевтің ұрпағына қалдырған мол мұрасын оқырмандар арасында кеңінен насихаттау мақсатында 2000-жылдан бастап жыл сайын ақынның туған күніне орай «Жұбан оқулары» әр жылы әртүрлі тақырыпта өтіп келеді:
♦ 2004 жылы – «Жайықтағы Жұбан оқулары»;
♦ 2005 жылы – Жұбан Молдағалиевтің туғанына 85 жыл толуына орай «Жұбаным деші, Жайығым»;
♦ 2006 жылы – «Рухқа тағзым» 15-30 жас арасындағы талапкерлер арасында;
♦ 2007 жылы – «Жұбан жырлары - әр шаңырақта» жанұялық байқау;
♦ 2008 жылы – «Есімі ел жүрегінде» 15-30 жас арасындағы талапкерлер арасында;
♦ 2009 жылы –облыс аймағында тұратын 14-30 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдері арасында;
♦ 2010 жылы - «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында және Жұбан Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай ақынның «Мен - қазақпын» поэмасын насихаттау мақсатында;
♦ 2011; 2012; 2013 жылы ақынның туған күніне орай ;
♦ 2014 жылы - «Мәңгілік елдің өшпейтін жыры» тақырыбында дөңгелек үстел және ақын Ж.Молдағалиевтің «Мен - қазақпын» поэмасының 50 жылдығына орай оқу марафоны;
♦ 2015 жылы - Қазақстан Республикасы халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесі аясында Жұбан Молдағалиевтің туғанына 95 жыл толуына орай Орал қаласының арнаулы орта және жоғары оқу орындарында оқитын жастар арасында;
♦ 2016 жылы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен қалалық Тіл айлығы шаралары аясында «Мәңгілік Ел идеясы - Жұбан жырында» атты ақынның патриоттық жырларын оқудан акция;
♦ 2017 жылы – «Артында өшпейтұғын сөз қалдырған» тақырыбында
ақынның өлеңдерін көбірек жатқа оқитын әр жастағы оқырмандар арасында;♦ 2018 жылы «Ақжайықтың тұмары, жасын жырдың Жұбаны» Орал қаласының орта, арнаулы-кәсіптік және жоғары оқу орындарында оқитын жастар арасында;
♦ 2019 жылы ақиық ақын Жұбан Молдағалиевтің «Мен - қазақпын» поэмасына 55 жыл толуына орай «2019 - Жастар жылына» «Жұбан жазған жалын - жыр» тақырыбында Орал қаласындағы жалпы орта білім беретін мектептерінің 20-30 жас арасындағы ұстаздары арасында;
♦ 2020 жылы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақиық ақын Жұбан Молдағалиевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Жұбан – ұрпақтар жүрегінде» атты халықаралық ХХ «Жұбан оқулары» байқауы жасы 16-ға толған барлық қатысушылар арасында
Абдрахманова, А. Жұбан деп жырлайды жүрегіміз: эссе.-Ауыл тынысы, 2020.-13 қазан.- Б.3. Толығырақ
Бултекова, Л. Жұбан ұрпақтар жүрегінде: ақынның туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған ХХ "Жұбан оқулары" халықаралық онлайн байқауы // Үшқоңыр. - 2020. – 9 қазан. - Б.3. Толығырақ
♦ 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 150 жылдығына орай Батыс Қазақстан аймағы (Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысы) кітапханашыларының арасындағы интеллектуалды сайыстың І кезеңіндегі онлайн қорытындысында 10 үздік шыққан қатысушы таңдап алынып, ІІ кезеңі кітапханада оффлайн «Жұбан оқулары» аймақтық байқауы;
Азбантаева, Ф. Жұбан жырларынан шабыт алып: эссе. - Ауыл тынысы, 2021.- 12 қыркүйек.- Б.8. Толығырақ
Айнадин, Қ. Жыр тудырған - Жұбан : эссе // Үш қоңыр. - 2021. - 24 қыркүйек. - Б. 4. Толығырақ
Аққалиева, К. Жұбан ақын өлеңдерінің қазіргі заманмен үндестігі: эссе. - Үш қоңыр, 2021. - 8 қазан. - Б.1.Толығырақ
Искакова, Н. Поэзия бағының бәйтерегі: эссе. - Бөрлі жаршысы. - 2021. - 21 қыркүйек. - Б.11. Толығырақ
Кубайтова, Д. Жыр Жұбан және жаңа ғасыр: эссе // Үш қоңыр. - 2021. - 10 қыркүйек. - Б. 8. Толығырақ
Мекебаева, Ж. Жыр Жұбан және жаңа ғасыр. - Рауан, 2021. - 14 қыркүйек. - Б. 3. Толығырақ
Мырзабергенқызы, Қ. Жыр Жұбан және жаңа ғасыр: эссе // Үш қоңыр. - 2021. - 24 қыркүйек. - Б. 5.
Райысқызы, Н. Жыр Жұбан және жаңа ғасыр: эссе // Үш қоңыр. - 2021. - 17 қыркүйек. - Б. 2. Толығырақ
Рашова, М. Жыр Жұбан және жаңа ғасыр: эссе // Серпер. - 2021. - 17 қыркүйек. - Б. 2. Толығырақ
Сейтімова, Л. Жырымен жас ұрпақты тербеген: кітапханашы А. Есболатқызының библиографиялық шолуы. - Атырау, 2021. - 8 қазан. -Б.6 Толығырақ
Шалабаева, Г. Жыр Жұбан және жаңа ғасыр. - Жаңа өмір. - 2021. - 15 қыркүйек. - Б.3. Толығырақ
♦ 2022 жылы Орал қаласындағы жалпы орта білім беретін мектептердің 5-9 сынып оқушылары арасында «2022 жыл - Балалар жылына» орай ақын шығармашылығынан өлең оқу акциясы;
Ахметова, Р. Әр өлеңінде - ел тағдыры: қоғам қайраткері, ақиық ақын Ж. Молдағалиев мұрасын насихаттау мақсатында өткен "Жұбан оқулары" туралы // Орал өңірі. - 2022. – 8 қараша. - Б.7. Толығырақ
♦ 2023 жылы облыстағы, аудандағы мектеп, денсаулық сақтау, банк, тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыру және тағы басқа салаларда жұмыс жасайтын 21-35 жас аралығындағы қызметкерлер арасында.
Аманжол, Ә. Жұбан жыры жадымызда: облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен дәстүрлі "Жұбан оқуы -2023" байқауы өтті // Орал өңірі.-2023.-17 қазан. - Б. 3. Толығырақ
♦ 2024 жылы ақын Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» поэмасының жарық көргеніне 60 жыл толуына арналған «Жыр мен жаратылыс» тақырыбымен Батыс Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында
Ахметжан, А. Жұбан ақын байқауы : биылғы өтетін "Жыр мен жаратылыс" атты дәстүрлі байқау туралы жарнама // Орал өңірі. - 2024. - 17 қазан. - Б. 16. Толығырақ
♦ 2025 жылы - ақын Жұбан Молдағалиевтың туғанына 105 жыл және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жұбан ақынның жорықты жылдар жырлары» атты байқау «2025 жыл - жұмысшы мамандықтар жылына» орай Батыс Қазақстан облысындағы (қала, аудан) оқу орындарының жұмысшы мамандығында оқитын студенттер арасында
Мерекеқызы, Ж. "Өр тұлға, рухты өлең, өлмес мұра" : Орал қаласындағы Жұбан Молдағалиев атындағы саябақта ХХV облыстық дәстүрлі "Жұбан оқулары" байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті // Орал өңірі. - 2025. - 9 қазан. - Б. 12. Толығырақ