Әдіскердің виртуалды күнделігі

https://www.facebook.com/zkolibr/videos/2249366855440578

Ж.Молдағалиев атындағы ООӘҒК ұйымдастыруымен 21 қазан күні Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында кітапхана майталманы, «Кітапхана ісінің ардагері», «Еңбек даңқы» төсбелгілерінің иегері Жұмақаева Гүлжан Төлегенқызының 75 жасқа толуына арналған «Мәртебелі мамандық иесі» мерейтой кеші өтті.

🔹Шара барысында Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Қауланова Гүлмира Жоламанқызы, Ж.Молдағалиев атындағы ООӘҒК директоры Уразаева Шолпан Қуанышқалиқызы құттықтап жылы лебіздерін білдірді.
🔹«Мәртебелі мамандық иесі» атты кешке келген қонақтар «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы Айдар Тапашұлы Батырханов, «Ламед» еврей қоғамдық бірлестігінің төрағасы Феликс Аркадьевич Баюканский, КазИИТУ ректоры, облыстық мәслихат депутаты Әліби Науханұлы Баяхов бастаған бір топ КазИИТУ ұжымы, кітапханашы ардагер әріптестер Роза Жақияқызы, Звайда Бисенқызы және Ақжайық ауданы жұртшылығы атынан кітапхана директоры Роза Сәкенқызы сөз алып құттықтау лебіздерін жеткізіп, әдемі естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар Гүлжан Төлегенқызының ізін жалғаған Жұмақаевтар әулетіндегі кітапханашылар династиясы өз тілектерін білдірді. Шарада “Жастар мәдениет сарайының” әншілері Азат Қабиев, Джауымбаев Тарас, Бибігүл Берекетова ән шырқап мерекелік көңіл күй сыйлады.
🔹Гүлжан Төлегенқызының 75 жас мерейтойына арналған «Мұратына жеткізген мамандық» атты биобиблиографиялық көрсеткішті өлкетану әдебиеттері бөлімінің меңгерушісі Сауле Сағынтайқызы таныстырды. Мерейтой иесіне арналған «Ізгіліктің үрдісі, кемелдіктің кеңесшісі» атты кітап көрмесі жасақталды.