Әдіскердің виртуалды күнделігі

Кітапханашы қоржынына

22 қарашада Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасында Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, «Мәдениет туралы» Заңының 9-бабының 5 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығына сәйкес кітапхана қызметкерлері аттестациялаудан (І-кезеңі, тестілеу) өтті.
Аттестацияның екінші күні қызметкерлер әңгімелесу арқылы өз жұмыстарын қорғап шықты. ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрағасы, аттестациялық комиссия төрайымы Б.Қ.Оспанова өткен аттестацияны қорытындылап, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.
 
         

7 желтоқсан күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Құрманғазы атындағы саз колледжінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша білім алатын студенттері үшін «PROFI TIME: мамандықтар әлемінде» атты тренинг ұйымдастырылды. Тренинг кітапханашының бренді, идеал кітапханашы, тұлғаның дамуы, өзін-өзі бағалауы бағытында өткізілді. Студенттер тренингке белсенді қатысып, кітапханашы мамандарға сұрақтар қойды.

     

 

әлеуметтік сауалнамалық зерттеу қорытындысы

        

          2022 жылдың 14 қазаны күні Ақжайық ауданының аудандық кітапханасында көрнекті ақын, аудармашы, әдебиеттанушы-ғалым Сағынғали Сейтовтің 105 жылдығына орай өнегесін ұлықтау мақсатында «Талант парасаты: екі ғасырмен егіз өрілген өмір» атты кешенді шарасы ұйымдастырылып, шара барысында Ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ауылдық кітапханаларының кітапханашыларымен Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскерлері "Кітапханадағы тайм-менеджмент: уақытты тиімді пайдалану" тақырыбындағы тренингін өткізді.

     

          Заманауи кітапханашының қасиеттері және оның жұмыс барысында кездесетін кедергілері, оны жеңу жолдарын анықтау туралы тренинг өткізілді. Көбіне заманға сай жеке брендісін қалыптастырған маман болуға уақыт тапшы болып жатады. Өмірде қайтарып алуға болмайтын бір-ақ нәрсе бар, ол- уақыт екенін, осы алтын уақытты қалай дұрыс пайдалануға болатынын үйренуіміз керек екені айтылды. Әрі қарай Тайм-менеджменттің мәні, бұл  саланың негізін қалаушы Г.Архангельскийдің "Уақытты ұйымдастыру", "Тайм-драйв" еңбектері туралы айтылып, уақытты пайдаланудың 7 алтын ережесі ұсынылды. Әрі қарай Эйзенхауэр матрицасы түсіндіріліп, 4 топқа матрица  негізінде кітапхана жұмыстарын басымдықтарына қарай 4 санатқа бөліп жазу, "Уақытты жұтушы" 30 кедергінің ішінен өздеріне қатысты 5-еуін таңдап жазу сияқты тапсырмалар орындалды. Тренинг барысында атақты мотиваторлар Р.Кийосаки, С.Давлатовтың уақытты дұрыс пайдалану туралы лайфхактарымен бөлісілді.  Одан әрі  кітапхашылардың ассоциативті ойлау, білім, дағдыларын іс жүзінде іске асыра білу қабілеттерін шыңдау мақсатында  "Өрмекші торы" деп аталатын тренингпен жалғасты. Кітапханашылар белсенді түрде қызығушылықпен қатысты.

 

 

 

       Уақыттың талабы өміріміздегі көптеген дәстүрлі құндылықтардың маңызын қайта қарауға, түйткілді тұстарын пысықтауға итермелеуде.

     Қарқынды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында орын алып жатқан кітапхана ісінің заманауи дамуын оның жаңа талаптарға, өлшемдер мен нұсқауларға үнемі бейімделуінсіз елестету мүмкін емес. Әлеуметтік зерттеулер мен сауалнамалар жұмыстағы осындай қайта конфигурациялау мен түзетудің таптырмас құралы болып табылады.