Әдіскердің виртуалды күнделігі

BOOKАфиша

     Он-жиырма күннің төңірегінде биылғы балалар жылына орай десек те болады, журналист Мұнайдар Балмолданың кезекті прозалық жинағы жарық көрді! "Адамның хикмет кеудесі" деген, яки Абай атамыздың сөзімен аталатын екі кітаптан тұратын жаңа еңбегі жеткіншектерден бастап жасөспірімдерге, жастарға және үлкендерге арналған дүние! Барлық буынды да қамтитын рухани дүниеге толы қос кітапта шағын әңгімелер мен әфсана-тәмсілдер жинақталған.

 

 

 

 

 

       «Сөз менеджменті» – айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақтың алғашқы кітабы. 208 беттен тұратын кітап ораторлық өнерге арналған.

Жасыратыны жоқ қазіргі қазақ қоғамы сөйлеу мәдениетінен айырылып бара жатыр. Бір ауыз сөзбен қанды қырғынды тоқтатып, бітіспес даудың түйінін тарқататын халықтың бүгінгі ұрпағы астарлы сөздің мән-мазмұнын түсінбейді. Басқаны былай қойғанда ел алдында жүрген кейбір азаматтардың өзі екі ауыз сөздің басын құрай алмай күлкі болып жатады.

         «Sөz менеджменті» осындай сұраныстан туған туынды. Мұнда айтар ойды аудиториядағы әрбір тыңдаушының құлағына жеткізе білудің әдіс-тәсілдері оқырман назарына ұсынылған. Сондай-ақ адамның сөйлеуге дейінгі, сөз сөйлеу кезіндегі және одан кейінгі өзін-өзі ұстауы жайында келелі кеңестер береді.

Бойыңыздағы сіз байқамай жүрген құпияларды ашқыңыз келе ме?

Керемет мүмкіндік!!! Қуаныш Шонбайдың кезекті туындысы - «Бізге айтылмаған QпЯ» кітабы жарық көрді.

"Бізге айтылмаған ҚҰПИЯкітабы бізге не береді?

 

    - Өміріңізді өзгертесіз;

    - Бойыңызда сіз білмейтін құпияларды ашасыз;

    - Біліміңізді дамытасыз;

    - Стресстен арыласыз;

    - Ой өрісіңізді дамытасыз,

    - Мақсаттарды дұрыс қоюға,

    - Бизнесте және карьерада жетістікке жету және табысты болу құпияларымен танысасыз.

      Кітаптың ерекшелігі, автор Сізбен жеке сырласқандай, жан дүниесін ашып салады. Аталған кітап батыстың бере алмайтын білімі мен тәжірибесін Сіз үйренген менталитет пен мысалдар арқылы беру қызметін атқарады алады. Ендеше өмір жолыңыздың жұмбағын шешіп, құпиясын білгіңіз келсе, "Бізге айтылмаған ҚҰПИЯкітабын оқыңыз.

        Кітапты Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының абонемент бөлімінен алуға болады.