Байқаулар

📝22 қараша күні Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Қазақстан кітапханалары: баршаға ашық әлем» атты облыстық конференциясы аясында «Ақжайықтың әдеби әлемі» атты кітапханашылар арасында облыстық интеллектуалдық байқауы өтті.

📍2023 жылы 1 желтоқсанда Астана қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің ұйымдастыруымен мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің жыл сайынғы дәстүрлі «Рухани қазына-2023» фестивалінің қорытынды кезеңі өтті. Фестивальдің салтанатты кешінде ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Жүдебаев Арман Әділханұлы сөз сөйлеп, жеңімпаздарды құттықтады.
⚡️Біздің облысымыздан «Үздік қалалық маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша Бөрлі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, «Аудандық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы бойынша Ақжайық ауданы С.Сейітов атындағы кітапхананың кітапханашысы Сейітжанова Тұрсынай Мұратқызы және «Ауылдық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы бойынша Казталов ауданы Қараоба ауылдық кітапханасының кітапханашысы Темірболатова Саида Есенгелдіқызы қатысты.
🏅Кітапхана саласы бойынша қазылар алқасының шешімімен республика бойынша «Үздік қалалық маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша Бөрлі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі жеңімпаз деп танылып, 1000000 (бір миллион) теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.
​«Рухани қазына - 2023» фестиваліне қатысқан басқа екі әріптесіміз де алғыс хатпен марапатталды.
​Ж.Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасы атынан барша әріптестерімізді құттықтаймыз.🎉🎉🎉

https://scontent.fakx2-1.fna.fbcdn.net/v/t39.30808-6/407353663_3574558226194483_6354581415806509295_n.jpg?_nc_cat=100&ccb=1-7&_nc_sid=dd5e9f&_nc_ohc=UcKEKkWMgUsAX-_5F_z&_nc_ht=scontent.fakx2-1.fna&oh=00_AfDkIj96qvIqcG6DP0ED5pLJ8-VST-BbzWxY-E5wAkFfxw&oe=6577EDB3  https://scontent.fakx2-1.fna.fbcdn.net/v/t39.30808-6/407590667_3574558239527815_2708642111021594398_n.jpg?_nc_cat=104&ccb=1-7&_nc_sid=dd5e9f&_nc_ohc=NdTH4JpnIHUAX_kGkvg&_nc_ht=scontent.fakx2-1.fna&oh=00_AfAcyKxqlzjEMGOM0jVdDGGUEpfn-bPeesfEjC0rLkNFJA&oe=65778DB5  https://scontent.fakx2-1.fna.fbcdn.net/v/t39.30808-6/407570396_3574558249527814_974345857461794050_n.jpg?_nc_cat=101&ccb=1-7&_nc_sid=dd5e9f&_nc_ohc=VAcGko3efhgAX83AeL-&_nc_ht=scontent.fakx2-1.fna&oh=00_AfBP0wCS1ZAeFKcJcLzBVASs6HKRNqEbN0bBnop3Ha4pzQ&oe=6577397C  https://scontent.fakx2-1.fna.fbcdn.net/v/t39.30808-6/407581730_3574558302861142_3518073977485594746_n.jpg?_nc_cat=102&ccb=1-7&_nc_sid=dd5e9f&_nc_ohc=sEufgGLAqX0AX9oF8Q6&_nc_ht=scontent.fakx2-1.fna&oh=00_AfDkmcoCF08Bnt2dZsAnMWbMD23DYeVZLYLJUtYJW8jQwg&oe=65776C18  https://scontent.fakx2-1.fna.fbcdn.net/v/t39.30808-6/407638334_3574558296194476_1359152215384639988_n.jpg?_nc_cat=101&ccb=1-7&_nc_sid=dd5e9f&_nc_ohc=hYnP3nfL2XMAX9wPH_2&_nc_ht=scontent.fakx2-1.fna&oh=00_AfBv7vxIlwdeMZNNEa69VQFYnIz1iPsjlvVVYwTVAlNXAw&oe=6576AE5C  https://scontent.fakx2-1.fna.fbcdn.net/v/t39.30808-6/407605468_3574558279527811_4514686387017486787_n.jpg?_nc_cat=106&ccb=1-7&_nc_sid=dd5e9f&_nc_ohc=F4bjocxOJ_cAX-PPsux&_nc_ht=scontent.fakx2-1.fna&oh=00_AfBr29Mvx6iuoom4dFJDs08X6-mgTor3XsF74XjXBR7bRA&oe=6576B769