Әдіскердің виртуалды күнделігі

         Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облыс кітапханаларының бірқатары күрделі жөндеуден өтіп, заман талабына сай кітапханалық құрал-жабдықтармен, жиһаздармен жаңартылып, жаңа технология жетістіктерін кітапхана ісіне қарқынды түрде енгізіп, оқырмандарға тиімді әрі сапалы қызмет көрсетуде. Кітапханалардың заманауи үлгідегі модельді кітапханаларға, комьюнити, коворкинг орталықтарына айналып, санының көбеюі қала, ауыл тұрғындарына, әртүрлі жастағы оқырмандарға жан-жақты  қызмет көрсетіп, кітапханаға көптеп тартуда, бос уақытты тиімді әрі пайдалы өткізуіне, қызмет түрлерін тез әрі оңай алуына мол мүмкіндік береді. 

Осы бағытта Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Жаңа дәуір, жаңарған кітапхана, жаңа мүмкіндік» кітапханалық жобасы бойынша облыс кітапханалары оның ішінде ауыл кітапханаларының заман талабына сай жаңартылған, ақпараттық ресурстары молайып,  кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар үшін қолайлы жағдай туғызу мақсатында жаңа үлгіде қалыптасқан кітапханаларды назарларыңызға ұсынады.