https://www.facebook.com/100009210239593/videos/pcb.3886268198356816/1600811180794326
Білім беру саласының ардагері, ұлағатты ұстаз, білікті басшы, Бөрлі, Жәнібек аудандары, Орал қаласының құрметті азаматы, жаны жайсаң ағамыз Аскар Акишев Әшуұлының педагогикалық еңбек жолы туралы жазған (Жүрекке жылы шақтарым. Мектеп директорының жазбалары : «Не забыть мне эти школьные годы-Записи директора школы» /А.Ақышев.-Орал, «SophieStyle», 2024.-336 б., илл.) естеліктер жинағының тұсаукесері өтті.
Автор туралы осыған дейін мерзімдік баспасөзде жарық көрген ақжайықтық ақын-жазушылар мен жорналшылардың тартымды жазбалары да жинаққа енгізіліп, кітаптың мазмұнын байытып тұр. Шын мәнінде 4 бірдей білім ұясын 40 жылдай басқарған басшының педагогика саласындағы өмірлік тәжірибесі мен кәсіби шеберлігі бүгінгі мектеп директорларына таптыстырмас оқу құралы.
