Әдіскердің виртуалды күнделігі

Білімнің сақтаушысы...Ұстаз....Шабыттандырушы...Әртіс....

«Әдіскер ол кім?»,- деген сұрақты әр кітапханашы  өзіне бір рет болса да қойып көрген шығар. Әсіресе, қазіргі дамыған заманауи әлемде кітапхана мамандығы да үнемі жаңашылдықты, жұмыстың жаңа формалары мен әдістерін, креативті және инновациялық тәсілдерді еңгізуді қажет ететін саланың бірі болып отыр. Әрине, уақыт өзгере, кітапхана әдіскерінің жұмысы да жаңарып отырады. Заманауи әдіскер - жаңа идеяларды ойлап табушы, теориялық білімі терең, ақпараттарды сараптап, қорытынды шығарып, оны жұмыс сапасын жақсартуға дұрыс бағыттай алатын іскер маман болуы тиіс. Сондықтан да оны қызмет аясымен шектеу, жылдар өте келіп үйренді деп бейімділікпен байлау дұрыс болмайды. Бүгінгі әдіскерге кәсіби білім, толымды тәжірибе, сұңғылалық, асқан шеберлік пен жалпы мәдениет қажет. Ол үнемі ізденіс пен еңбектің нәтижесінде тәжірибе жинақтайтын, бүгінгі қоғам дамуының үддесінен шыға білетін, өз мамандығының шынайы фанаты болуы керек. Әдіскерлік адам жанының қалауы мен тәжірибесінің нәтижесінде келетін шеберлік. Дамуды тоқтатсаң, әдіскер болуды да тоқтатасың. Әдіскер жеке мамандық иесі бола алмайды. Әдіскерлік жұмыс көп жылдық еңбек пен шеберліктің нәтижесі, бірақ көп жыл істегеннің бәрі әдіскер бола бермейді. Ол – табиғи дарын. Әдіскер құзыретіне жоғары мәдениет, терең ақыл, жан-жақты білім жатады.

Әдіскер – білікті, шығармашыл тұлға болу қажет және танымдық, интеллектуалдық тұрғыдан өзін дамыта білген маман. Шығармашылық ізденісті жаны сүйетін адам, шеберлігін шыңдай отырып жаңалықтың жаршысы, бастамашысы болуы керек.

 

Ал сіз қандай әдіскерсіз? Өзіңіздің жұмысыңыз немесе әріптесіңіз туралы ойыңызбен бөлісе отырсаңыз, әріптес...