Әдіскердің виртуалды күнделігі

      Біздер, яғни әдіскер-мамандар өзіміздің қызметімізді, ең бірінші кітапханашының серіктесі, көмекшісі ретінде қарастырамыз.  Әріптестерімізге цифрлы кітапхана әлемінде жаңа білім алуға, бар шеберліктерін одан әрі дамытуға, шыңдауға және жұмыстарында сол тәжірибелерін сенімді пайдаланып, қолдануға көмектесуге тырысамыз. Мамандармен еркін түрде, өзіміздің қызықты диалогқа шақыра отырып, кітапханалық тәжірибемізбен бөлісіп отырамыз. Әр өтетін семинарлар қызықты әрі жоғарғы деңгейде өтуін және оған әр қатысушының жәй ғана тыңдаушы емес, семинар жұмысына тікелей белсенді қатысушы болуы үшін жұмыстанамыз. Осындай кітапханамызда өткізілген семинарлар, конференциялар, акциялар, фестивальдер немесе барлық іс-шараларымыз туралы ақпараттарды алу үшін кітапхананың 150 жылдығына арналып жазылған «Облыстық кітапхана тәуелсіздік жылдарында» тақырыбындағы жинақты ұсынамыз. 
  Сіздер соңғы рет семинар немесе конференцияны қашан және қандай тақырыпта өткіздіңіздер? Семинарды ұйымдастырубарысында қандай қиындықтар кездесті?