Әдіскердің виртуалды күнделігі

      Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен кітапханашылардың кәсіби шеберлігін шыңдау, озық тәжірибелерді анықтау, оқырмандар арасында кітап оқу мәдениетін арттыру «Кітапханалық қызмет көрсету- кешенді үрдіс» атты biblio-teach-in (семинар-тренинг) өтті. Семинар-тренингке келген Батыс Қазақстан облысы кітапханаларының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары алдымен кітапханаға саяхат жасап, «Кітапхананы дамытудың қазіргі заманғы бағыт-бағдары» атты дөңгелек үстелге қатысты.

           Семинар-тренинг аясында «Кітапханалық блогтар – кәсіби қарым-қатынас алаңы» тақырыбында workshop өткізілді. Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері Арстанова Құралай Темірболатқызы workshop-қа қатысушы мамандарға сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша «Блог» туралы жалпы түсінік беріп, кітапханалық блогты құрудың қадамдарын үйретті. Ақпараттық–библиографиялық бөлімнің маманы Дәулекенова Айнаш Өтешқалиқызы «Ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету: толық мәтінді библиографиялық жазба (ГОСТ) 7.1-2003 Библиографиялық жазба. Тақырыпша құрастырудың ережесі мен жалпы талаптары, деректер базасынан мәліметтер енгізу» тақырыбын таныстырды.     

       Облыс кітапханашылары семинар-тренингте қойылған сұрақтарға жауап беріп, өздерінің ойларымен бөлісіп, іс-тәжірибелері мен ұсыныстарын ортаға салып, белсенділік танытты.