Әдіскердің виртуалды күнделігі

    Жеке бренд тек блогерге немесе саясатқа ғана қажет емес. Кез келген мамандық иесі сұранысқа ие маман болу үшін өзінің жеке брендін қалыптастыра алады.

      Жеке бренд - сіздің беделіңіз, ол сіздің кәсіби қызметіңізбен тығыз байланысты. Жеке брендтің басты мақсаты-адамдарға әсер ету.

Кітапханашыға жеке бренд қажет пе? Кітапханашының жеке брендін қалыптастыруды неден бастау керек?

    Өзінің жеке бренді бар кітапханашы адамдардың мінез-құлқына әсер етіп, дүниетанымы мен қалауларын өзгерте алады.

Кітапханашы үшін жеке бренд ұғымы оның кәсіпқой ретіндегі беделі ғана емес, сонымен қатар:

  1. жеке тұлғасы, мінезі және өмір жолы;
  2. аудиторияда тудыратын эмоциялары;
  3. сенім деңгейі;
  4. аудиторияның жақын қабылдауы да маңызды.

 

Жеке бренд институттағы сынақ сияқты: алдымен сіз оған жұмыс жасайсыз, содан кейін ол сіз үшін жұмыс істейді.

Жеке брендті қалыптастыру бір аптаның, тіпті бір айдың да ісі емес. Оқырмандар мен әріптестердің  байланысы жылдар бойы қалыптасып дамиды.

 

 Кітапханашы брендін  мынадай белгілермен  атап көрсетуге болады:

 оқырмандарға сіздің өміріңіз бен күнделікті тіршілігіңіз қызықты;

  1. оқырмандар сіздің кез-келген тақырып бойынша пікіріңізді бағалайды;
  2. сіздің пікіріңіз оқырмандарыңыздың эмоцияларын тудырады;
  3. оқырмандарыңыз оң пікірлерін қалдырып, белсенді болады;
  4. сізге серіктестер табу оңай;

6.Сапалы қызметіңіз арқылы таныласыз.

Танымалдықты қалыптастыру - бұл жеке бренд жұмысының және дамуының ажырамас бөлігі.

Жеке брендті қалыптастыруға шешім қабылдаған кітапханашы өзі көрсететін және өзі туралы айтатын барлық нәрсе өзін-өзі таныстыру екенін түсінуі керек. Бірақ бұл өзін-өзі таныстыру қандай болу керек?

    Сіз өзіңіздің жеке брендіңізді қалыптастырдыңыз ба, кітапханашының жеке брендін қалыптастыруды неден бастау керек деп ойлайсыздар?

Сілтеме: https://ideafor.info/?p=24192