Әдіскердің виртуалды күнделігі

3 наурыз күні  Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері», еңбек ардагері Инна Алексеевна Гудошниковамен «О прошлом - для будущего» атты  кездесу кеші  өтті. 
Іс – шараға жазушы, өлкетанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері,  М.Өтемісов атындағы БҚУ, «Еуразия» институтының құрметті профессоры, Орал қаласы, Сырым және Бөкей ордасы аудандарының құрметті азаматы Ж.Ақбай;  БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Г.Қауланова; еңбек ардагері, «Еңбек даңқы», «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгілерінің иегері Г.Жұмақаева; композитор, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі Д.Қажымов;  БҚО еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін», медалінің иегері Ф.Баюканский; ҚР еңбек сіңірген әртісі, Ғ. Құрманғалиев атындағы  облыстық филармонияның солисті Қ.Қожақов;  ҚР еңбек сіңірген әртісі, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның солисті Ж. Рахимова;  А.Н. Островский атындағы  орыс драма театрының бас режиссері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері О.Малуша; Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншісі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері А.Қайырханов; Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншісі, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты А. Молдағаинова; А.Н.Островский атындағы орыс драма театрының әртісі Д. Соловьев; Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының әдіскері С.Быков  қатысты.  
Кешке қатысушы қонақтар И.Гудошникованың өміріндегі қызықты жайттармен, шығармашылық қызығушылығы, жеке мұрағатындағы фильм мен фотосуреттермен, облыстық кітапхана жасаған бейнефильммен танысты.   И. А. Гудошникованың өмірі мен қызметіне арналған «Фотолетопись жизни» кітап көрмесі ұсынылды. А.И.Гудошникованың өмір жолының кезеңдері туралы баяндайтын «Если душа родилась крылатой» атты жинақ жарық көрді.